ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Павлодарда ІІМ Қарағанды Академиясының кәсіби бағдар беру жұмыстары өтті

Ішкі істер органдарындағы қызмет –бұл мемлекеттік қызметтің ерекше түрі. Жауапкершілігі мол, қауіп пен қатерге толы жұмыс болса да, абыройлы міндет.

2017 жылдың 30 наурызы күні Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-де ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының колледж түлектеріне арналған кәсіби бағдар беру жұмыстары өтті. Оған Павлодар қаласы колледждерінен 160-қа жуық студент қатысты.

Кездесу барысында ҚР ІІМ Қарағанды академиясының мамандары Лия Бейсенова Н.Ахметжанова келген студентерге оқу орны жайлы, түсу талаптары сияқты маңызды тақырыптар бойынша ақпарат берді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы 1969 жылы құрылды. Қазіргі уақытта ЖОО-ның құрамында төрт институт, он үш кафедра, екі оқу орталығы және адам саудасына қарсы күрес бойынша мамандарды даярлау жөніндегі орталығы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша мамандарды даярлау жөніндегі ведмствоаралық оқу орталығы бар.

Шара барысыда келген студенттерге аталмыш оқу орны жайлы бейнеролик пен Қарағанды академиясы шәкірттерінің патриоттық бағыттағы флешмобы көрсетілді. Жиналғандар арасында оқуға түсу мәселесі, оқу түрі, жатақхана, шәкіртақы сияқты сұрақтар көптеп қойылды.

-Біздің оқу орнында барлық мамандықтар тегін түрде, бірақ оған тиісті емтихандарды тапсырып өтесіз. Ол үшін ең бірінші жергілікті жердің ІІД жүгінесіз. Ал студент оқудан, яки, жұмыстан шығып қалса оның оқуына жұмсалған қаражатты мемлекеттке қайтаруға мәжбүр болады , - деді күндізгі оқу бөлімінің басшысының орынбасары Лия Бейсенова.  Сөз соңында Қарағанды академиясының мамандарды жиналғандарды болашақта біздің оқу орнының қабырғасынан көреміз, әрі мемлекеттке қалтқысыз қызмет етеді деген сенімдерін білдірді.

Алтынбек Мақсатхан