ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы

А.ж. 17 наурызда  «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында, аудан әкімі А. Мұратұлының төрағалық етуімен Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы                     А.Сыздықаев «2015, 2016 жылдарда мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның және қызметтік әдеп нормаларының сақталуы туралы» баяндама оқыды.

Сонымен қатар, Зеренді ауданы ішкі істер бөлімі бастығының кадр мәселелері жөніндегі орынбасары  М. Сатыбаев, Зеренді ауданы білім бөлімінің басшысы Ж. Уәиісов  баяндама оқыды.

Отырыс қорытындылары бойынша комисиия хаттамамен бекітілген  тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берді.
Департамент госслужбы