Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік меншікті өңкей қызметтік мақсатта ғана пайдалануы көзделеді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы    № 153 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде айқындалғандай, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Мемлекеттік қызметші қызмет бабында өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсауға, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етуге тиіс.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы   № 153 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 5-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға тиіс.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілерімен қызметтік әдеп қағидалары нормаларын толық және жаппай орындалды деп айтуға әзірше ертерек. Бұл туралы мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілген талдау нәтижелері дәлелдейді.

Мәселен, қызметтік автокөлікті тиімді пайдалану мәніне талдау өткізу кезінде қызметтік автокөлікті демалыс, мереке күндері, сондай-ақ жеке мақсатта пайдаланылған фактілер анықталды.

Сонда, қызметтік автокөлікпен объективтік себептер бойынша жолға шыққан фактілер бар, оны растайтын бұйрықтар мен құжаттар бар: әскерге шықырылушыларды тасымалдау, семинар, кеңестер, ауыл шаруашылық жәрмеңкелерге қатысу және т.с.с.

Аудан әкімінің жүргізуші өзінің отбасылық жағдайына қызметтік автокөлікті пайдаланылған (Астана қ. өз еркімен жол жүріп кеткен) фактісі орын алған, бұл оны «сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартуға негіз болды.

Мемлекеттік автокөліктермен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған фактілерге жол берілген және де олар демалыс күндері жасалған, бұл жұмыстан тыс уақытта қызметтік автокөлікті пайдаланылғанын дәлелдейді.

Сонымен, жүргізілген талдау арқылы анықталғандай, мемлекеттік қызметшілердің көбісі өзінің міндеттерін, шектеулерін және қызметтік әдеп нормаларын сақталуын формальды түрде орындайды, бұл мемлекеттік қызметтің бейнесіне жағымсыз әсер етеді және жалпы мемлекеттік қызметке сенім жоғалту салдары болып табылады.

Осыған орай, әр мемлекеттік қызметшіге сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті сақтау және тиімді пайдалану бойынша шара қолдану қажет.

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері

және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің

Ақмола облысы бойынша

департаментінің бас маманы

Әлия Жанзақова
Департамент госслужбы

0
0
423

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік меншікті өңкей қызметтік мақсатта ғана пайдалануы көзделеді - Yvision.kz