Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Прокурор азаматтарды қабылдады

15 наурызда «Нұр Отан» партиясының Зеренді аудандық филиалында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Зеренді ауданының прокуроры К.Х. Рамазановпен азаматтардың заңды қызығушылықтары мен құқықтарын қорғау мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізілді.

Азаматтардың қабылдауында Зеренді ауданының бизнес өкілдері қатысты.

Қабылдау барысында кәсіпкерлер өздерінің қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойды және де бизнесті қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды, ұсыныстары енгізілді.

Азаматтардың бірқатар мәселелері бақылауға алынды, бірқатарлары бойынша сол жерде түсініктемелер берілді.
Департамент госслужбы

0
0
205

Осы тақырып бойынша

Прокурор азаматтарды қабылдады - Yvision.kz