ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Терроризмді түбірімен жою үшін не істемек керек???

Терроризм дегенде, есімізге Батыс пен Шығыстың дүрдараздығы немесе белгілі бір ұлтаралық қақтығыстардың ушыққан жағдайы есемізге түсетін еді. Қазір, мүлде өзгерді. Заңы жұмыс істейтін, бейбіт һәм тыныш елдің өзінде бұл мәселе ушығып тұр. Ешкім кепілдік бере алмайды. Бетін аулақ қылсын! Біздің елде де ушығып тұр. 2011 жылдан бері, терроризм деген пәле енпі келеді. Былтыр, бүкіл елді аяқтан тік тұрғызған. Ақтөбе, Алматы оқиғасын, оның алдындағы Тараздағы жағдайды ешкім ұмыта қойған жоқ шығар.

Санкт-Петербургте өткен  Халықаралық терроризммен күрес  жөніндегі парламенттік конференцияда Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев терроризның алдын алу, онымен күрес туралы біздің елдің жасап жатқан бастамаларын ортаға жайып салды. Бұл жағынан алғанда, жаста болса бас болып кел жатқан біздің елдің тәжірибесі де ескерілуі керек деді:

«Мұндай қадамдардың нәтижелі болатынын Сириядағы қарулы қақтығыстардың басынан бері оқ атуды тоқтату тетіктерін құруға жеткізуге алғаш рет мүмкіндік берген Астана келіссөздері паш етіп отыр»

Сенат төрағасы сауатсыздық пен кедейшілік,  сыбайлас жемқорлық, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеу секілді терроризмнің негізгі себептерін жоюда құқық қорғау органдарының күш қуаты, кейбір орталық мемлекеттік аппараттардың жұмысын ширатуға қатысты да пікірін білдірді.  Соңында, экстремизм және лаңкестікке қарсы ортақ іс-қимыл жөніндегі ұйымның Үйлестіру орталығын құру керек деген ұсынысын айтты.

Қалай болғанда да, біздің елдің жаһандық терроризмге қатысты сын-қатерлерге дер кезінде жауап беріп отырған бір күштік әлеуеті бар екені анық. Бірақ, тобықтай түйін былай: ешкім де, ең күшті деген мемлекеттің өзі бұл мәселемен жалғыз күре алмайтынын қазіргі әлемдік жүйе дәлелдеп отыр. Сондықтан, тізе қосып, ортақ шешімдерді талқылау артықтық етпейді.