Бақылаушылар институты қызметіндегі инновациялық әдістер

Кәсіби мемлекеттік аппарат құру бойынша реформасын жүзеге асырудың басым міндеттерінің бірі – «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстардың ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қызметке кандидаттарды іріктеудің ашықтығын арттыруға бағытталған бақылаушылар мен сарапшылар институты заңды түрде енгізілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен конкурстық үрдістерді жетілдіру үшін, бейнебайланыс арқылы байқаушы ретінде облыстық алыс орналасқан аудандардың конкурстық комиссиялары отырыстарына қатысу жөнінде бастамашылық жасалынды.
Осылайша, а.ж. 24-25 қазанында Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Р.Х. Бахриразиев Ғабит Мүсірепов атындағы және Айыртау аудандардың бірыңғай конкурстық комиссияларымен бос лауазымдарға орналасуға өткізілген әңгімелесуге қатысты.
Р.Х. Бахриразиев кандидаттармен әңгімелесу өткізу барысы туралы жалпы баға беріп, өз пікірін білдірді, сонымен қатар конкурстық рәсімдерді жетілдіру бойынша ұсынымдар берді.
Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысында әңгімелесулерді байқаушылардың қатысуымен қамту 100% құрайды. Мемлекеттік органдармен тұрақты негізде байқаушылар ретінде мәслихат депутаттары, «Азаматтық бақылау» қоғамы және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері шақырылады.
Аталмыш инновациялық әдіс одан әрі қолданылатын болады.
