Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бензин шығаратын Павлодар мұнай өңдеу зауыты іске қосылды

Бүгін жоғары сапалы бензин шығаратын Павлодар мұнай өңдеу зауыты іске қосылды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясынан соң журналистер сауалына жауап берген ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Павлодарда бүгін мұнай өңдеу зауыты іске қосылды. Мен таңертең бас директорымен сөйлестім. Алғашқы мұнай өңдеу қондырғысы жұмысын бастады. Үш күн ішінде Павлодар МӨЗ-і толық режимде жұмыс істейді. Үш күннен соң жоғары сапалы отандық бензин беруі тиіс», - деп мәлімдеді Қанат Бозымбаев.

АИ-92 маркалы бензин жетіспеушілігінен елдегі зауыттар АИ-95 маркалы бензинді шығаруды тоқтатқан болатын. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша бұл жағдай қарашада дұрысталуы тиіс.

«Импорт бойынша Қазақстанға кеше 64 мың тонна жанармай импортталса, зауыттарда 85 мың тонна жүктелді. Ай соңына дейін елімізге 100 мың тонна бензин жеткізіледі деп жоспарлап отырмыз. Қарашада елімізде 270-280 мың тонна бензинді тұтыну болады деген ойдамыз. Оның белгілі бір бөлігін елдегі үш мұнай өңдеу зауыты есебінен жабамыз. Шымкент және Павлодар МӨЗ-дерінде артығымен жұмыс жүктелмек. Атыраудағы зауыт жұмысын төмендетеміз, себебі желтоқсанда каталитикалық крекинг қондырғысын енгізуі тиіс», - деді Қанат Бозымбаев.

 

http://baq.kz/kk/news/ukimet/benzin_shigaratin_pavlodar_munai_ondeu_zauiti_iske_kosildi20171026_140000

0
0
449

Осы тақырып бойынша

Бензин шығаратын Павлодар мұнай өңдеу зауыты іске қосылды - Yvision.kz