Туған күнді қалай өткізуге болады?
«Бүгін менің туған күнім ой пәләй, мына халық неге жатыр тойламай» деп Мұқағали айтқандай бұл күннің барынша көңілді болып, барлығы көңіл бөліп, айналамызда жүрсе екен дейтін тілегіміз де бар. Сондықтан болар, бұл күнге дайындықты да ерте бастап, алдын ала жоспарлар құрып жатамыз. «Туған күнді қайда өткізсем болады? Қандай стильде жасаған дұрыс? Не кисем екен?» - деген сұрақтар мазалап ғаламторды шарлап жатамыз. Кезекті туған күн болса үйде туған-туыс, дос-жарандардың арасында өткізуге болады. Ал егер, айтулы күн болып, мерейтой болса дайындықты неғұрлым жоғарғы деңгейде жасағымыз келеді. Мұндайда тіптен арнайы мамандар көмегіне де жүгініп жатамыз.
Сонымен, алдыңызда мерейтойға деген үлкен дайындық басталды. Неден бастаған дұрыс. Бұл кезекті туған күн кеші емес сондықтан, алдымен қайда өткізетініңізді ойластырыңыз. Әрине үйде атап өтуге болады, бірақ үйде мереке өткізудің қуанышынан гөрі жұмысы көп. Үйдің тазалығы, жасайтын дастарханыңыз, қонақтарды күту, артынан ыдыс-аяғыңызды тазалап басқада ұсақ-түйек жұмыстар туған күнде кештің басты кейіпкері болудың орнына қызмет көрсетумен уақытыңыз өтеді. Бұдан кейін көңілді кешті еске алудың орнына шаршау сезімі басым болып қалуы мүмкін. Сондықтан ең оңтайлы шешім https://toibiznes.kz/kk/articles/toibiznes/gde-otmechat-den-rozhdenie
