Практикалық жәрдем көрсету

2017 жылдың 25 қазанында Департаментпен СҚО әкімдігінің жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасында «Е-қызмет» персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде қызмет істеу бойынша жаттықтыру сабағы өткізілді.
Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Г.М. Ибраева мемлекеттік органның қызметкерлеріне ақпараттық сервисінің негізгі аспектілері, мемлекеттік органда бірқатар процестерді автоматтандыруы бойынша жүйенің мүмкіндігі түсіндірілді.
Қатысушылардың назарына басқармасының жүйедегі жұмысы бойынша ағымдағы кезеңіне қысқаша талдау ұсынылды, сонымен қатар ақпараттық сервисімен пайдалану деңгейін бағалау мақсатында қызметкерлермен сауалнама жүргізілді.
Қатысушылар ұйымдастырылған шарада белсенділік танытты, семинар тақырыбы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласы бойынша сұрақтар қойды. Барлық қойылған сұрақтарға түсініктемелер берілді.
