Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Пікірталас практикумы

А.ж. 23 қазанда Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспарын орындау аясында Көкшетау қаласының №1 орта мектебінде 9-11 сынып оқушылары – «Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен   «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумы өткізілді. Шараға Департаменттің қызметкері  С. Беккажанова қатысты.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың танымдық әрекеттерін, балалардың құқықтық мәдениеті мен санасын  қалыптастыру.

Қатысушылардың алдына бірнеше нақты мақсаттар мен міндеттер қойылды, олар: сыбайлас жемқорлық ұғымы және оның әрекет ету салалары, жемқорлықтың пайда болу себептері, «Құқық бұзушылықтарға мүлде төзбеушілік».

Қызу пікірталас барысында оқушылар жемқорлықсыз мемлекетті қалай көретіндіктері туралы пікірлерімен бөлісіп, «құқық» және «құқықтар» ұғымдарына анықтама беріп, ересек азамат пен жасөспірім оқушының негізгі құқықтарын түсіндірді.

         
0
0
2115

Осы тақырып бойынша

Пікірталас практикумы - Yvision.kz