Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әділдік, адалдық және сатылмаушылық қағидаларын көрсететін үздік суреттер, шығармалар байқауы

 

Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті дәріптейтін құндылықтарды түсіндіру, оны насихаттау және нығайту, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында   Қазақстан Республикасы Мемлекетттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс – қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті мен Астана қаласы Білім басқармасы («№1 өнер мектебі» МКҚК)  ұйымдастыруымен әділдік, шындық, адалдық, сатылмаушылық қағидаларын  көрсететін байқауы өткізіледі.

Байқауға Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінің 11 сынып оқушыларының және колледждердің 3 курс білімгерлерінің шығармалары,  жалпы білім беру мекемелерінің 9-10 сынып оқушыларының және колледждердің 1-2 курс білімгерлерінің суреттері қабылданады.

Байқау 2017 жылғы қазанның 25 нен қарашаның 9 дейін өткізіледі.

Байкауға қатысушылардың жұмыстары 2017 жылғы қарашаның 7 дейін «№1 Өнер мектебі» МҚКК, Астана қаласы, Абай даңғылы 74/1 (№16 ОМ артында) мекенжайы бойынша қабылданады. Байланыс телефоны: 48-77-43:  87025681000 Эльмира Букенбаева.

 
0
0
841

Осы тақырып бойынша