Мазмұнға өту

Жаңа

“Ақ жол”газеті

Бүгін мен Қазақстанның қоғамдық-саяси ойының және мәдени-ағарту ісінің дамуына ықпал ете білген - “Ақ жол" газеті жайын да жазбақпын. Бұл газет сонау 1920-1925 жылдар да Ташкенттегі Түркістан Компартиясы мен Шымкентің Сырдария губкомының органы ретінде шығарылып отырған еді. Алғашқы редакторы — Сұлтанбек Қожанов болса кейінен газетті Нәзір Төреқұлов, Серікбай Оспанов, Иса Тоқтыбаевтар тізгіндеген болатын.”Ақ жол” газетінің дамуына Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Досмұхамедов, Ілияс Жансүгіров, Ахмет Байтұрсыновсынды қазақ зиялыларының үлкен шоғырыда араласқан.Алаш қозғалысының қайраткерлері газет беттеріне қазақ халқының мүддесіне қатысты тақырыптарды қозғап, құнды мақалалар жариялап отырған.Кезін де газеттің саяси-идеялық бағыты құрылтайшыларға ұнамай, басылып шығуына көп кед…

0
0
422

«Қазақстандағы қазіргі журналистика»

Журналист – қастерлі де қасиетті мамандық. Екінің бірі, егіздің сыңары журналист бола алмайды. Бұл – Аллаһ тағаланың пендесіне берген сыйы. Журналистер туралы ілгерілі-кейінді данышпандар өте көп айтқан. Солардың ішінде менің көкейімнен кетпейтін, кеудемнен өшпейтін кемеңгер тұлғаның осы бір кестелі сөзі үнемі санамда салтанат құрады.Мен үшін бұл мамандықтың орны ерек, жөні бөлек. Өйткені, менде болашақта осы сала бойынша жұмыс жасап келдік қалам ұшында, көк найзаның сұсы бар деген жалынды, дарынды тілші болғым келеді.Журналистика атты қарусыз, қаламмен күресетін майданның бүгінгі таңда елімізде қадір-мен қасиеттен айырылып бара жатырғандай. Елімізде журналистиканың бастауы сонау 19-ғасырдан бастап белең ала бастады. «Жазушының атасы журналист» дегендей әдебиеттегі қайраткер қаламгерлерді…

0
0
517

Тойладық, ойнадық, енді болашақты ойлалық...

Жеті ай өтті... Карантин қазаққа көп дүниенің қадірін ұғындырғандай. Көп асқанға, бір тосқан дегендей қазақтың тойына да тұсау салды. Карантинге дейінгі тойдың әлеуеті мен мәдениеті басқаша еді. Иә, қазақта бұрыннан келе жатқан отыз күн ойын, қырық күн тойын жасады немесе ат шаптырып алты ай тойлатты деген таңсық емес тіркестер бар. Алайда осы бір тіркесті әркім өзінше түсініп, жөн- жоралғыны ысырып, ысырап етіп ырысын қашырғандар қаншама.Әр нәрсенің шегі болатынын уақытында түсінбегеніміз өкінішті әрине . Шаршасақ тек тойдан шаршайық деп бар жиған тергенін тойға шашып, шаршағанын тойдан басқан қазақтың той жасамақ былай тұрсын, талдаңдап жүруге де шамасы келмей қалды.Қырғыздарда ас аттыныкы, той тондыныкы деген мақал бар. Атынан ат үркетін атың болсада, тойынғаныңды топқа көрсететін тоны…

0
0
393

Уақытты тиімді пайдалану – табысқа жетудің кепілі

Адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі – уақыт.Оны тиімді пайдалану – бүгінгі күнінің жетістігі десем артық айтқаным емес. Абыр-сабырмен өтіп жатқанын да мына дүниеде уақыттың қалай өтіп кетіп жатқаның байқамай да қаласың. Уақытымыздың көбін жалқаулық деген басты жауымызға бой алдырып, құр босқа өткізіп жіберетініміз рас.Егер сіз жан-жақты дамығыныз келсе, ең алдымен, өз уақытыңызды тиімді іске жұмсаған жөн.Сол себепті бүгін мен сізге уақытты қалай тиімді пайдалану керек жайында біраз кеңестермен бөліссем деймін. Ең бірінші - ұйқы режиміңізді түзеп алған дұрыс.Кеш бата ерте жатып,таңертен ерте оянғаңыз күніздің жақсы әрі уақытылы өтуіне пайдасын тигізеді.Ең бастысы, таңертен оянғанда аман-есен көзінізді ашқанызға Аллаға шүкір ете біліңіз және кешке жатарда ертеңге киер киіміңізді ба…

0
0
1138

Мектептегі білім беру жүйесі қанағаттандыра(ды) ма?

Баланың мектепте алатын білімі оның жақсы оқып шығуына қаншалықты пайдасын тигізеді? Мектеп табалдырығын аттағанда жетіден басталып, мектеп түлегі болғанға дейін он алтыға жететін пәндердің өтілуі шын мәнінде дұрыс па? Өткен ғасырды қайдам, әйтеуір біздің ғасырда барлық пәнге бірдей бейімі бар бала жүздің жиырмасы екені айдан анық. Деседе оны түсінетін ұстаздар мен ата-аналар жоқтың қасы. Кез-келген бала мамандық таңдау кезеңіне жеткенде жүрегі қалаған мамандыққа сай пән таңдайды. Осы тұста осыған дейін оқыған пәндерінің басым бөлігі қажет болмай қалады. Сонда алгебраның синус, косинусы мен физиканың миды ашытар формуласы неге керек болғаны?Сыныптан сыныпқа жоғарылаған сайын күрделене түсетін пәндер балалығының қызығын көріп үлгермеген бүлдіршіндерге ауыр болары белгілі. Дегенмен заман ағ…

0
0
561

Сан түрлі мамандық

Себебі дәл осы мамандықтар адамның қажеттілігін өтеп, жиі кездесіп жатады. Ал шет елде қандай мамандықтар мен жұмыстар кездеседі?Олардың біздікілерден айырмашылығы неде?Қазір мен айтатын мамандықтар өте ерекше. Оны естігенде не күлеріңізді, не жыларыңызды білмеуіңіз мүмкін. Солардың бірнешеуін қарастырып көрейік. Интернет желісін бір шолып шықтым:Ең қызық, ең таңқаларлық мамандықтың бірі және бірегейі ол- Пингвин тұрғызушы және бұрушы маман иелері. Атының өзі естігенде адамды қызықтырады. Пингвиндер бір орында қимылсыз екі сағаттан артық жатып қалса,өліп кетулері мүмкін екен. Бұл маман иелерінің бір ерекшелігі Солтүстік Полюсте ұшатын ұшақтарды қызықтаймын деп құлап қалған пингвиндерді тұрғызуы. Бұл мамандықта жұмыс жасау үшін міндетті медициналық тексерістен өтесіз· Жалдамалы туысқан- ең…

0
0
1359

Журналистік шеберлікке қатысты талаптар мен міндеттерді айқындау.

Солардың ішінде қиын мамандықтың бірі ол- журналистика дер едім. Журналист болатын адам жан-жақты, білікті, шығармашылық адам болуы керек. Сонымен қатар, журналиске ең керекті- сауатты жаза білу және сауатты оқи білуі керек. Журналис өз шығармашылығы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Журналист газет-журнал да болсын, радио немесе телеведения да болсын ол шығармалық адам. Ол редакцияда жұмыс істеседе ең алдымен- ұйымдастырушылық, екіншіден- әдеби өңдеу, үшіншіден- шығармашылық болуы тиіс. Әрине, бұның бәріне қабілет пен білім керек. Журналис өмірдегі оқиғалар болсын, құбылыстар болсын оның мәнін түсіне білуі, қандай да бір оқиға барысында тапқырлығы мен сөздік қорымен кез-келген жерден сүрінбей шықса, міне осы журналистің шеберлігі. Журналис болу үшін тек шағармалышық адам ғана емес, со…

0
0
1258

Жаңа заманға сай-жаңа Түркістан

Қаншама ғасырлық тарихы бар,кезінде бүкіл түркі әлемінің бесігіне айналған Түркістан,тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жәй ғана қала болып қалған еді.Осы кезеңдерде Түркістан дегенде көз алдымызға шуылдаған халық,жайма базарлар,түрлі сауда орталықтары елестейтін.Бар білетініміз "Қожа Ахмет Йассауи" кесенесі еді.1500жылдық тарихы бар еліміздің рухани жүрегі,кезінде қазақ хандығының астанасы болғандығын біріміз білсек,енді біріміз білмейтін де едік.2018 жылы Түркістан облыс орталығы болып бекітілгеннен кейін,ірі өзгерістер орын алды.Бар болғаны екі жылдың ішінде қала адам танымастай өзгерді.Осыдан тура бір ай бұрын барғанымда,өзім де куәгер болып келдім.Қазіргі таңда Түркістан қайнаған құрылыс пен қарқынды дамудың көрінісі болып тұр.Қала бұрыннан туристер көп келетін жер еді,алдағы уақыт…

0
0
561

"Айқапта" көтерілген әйелдер мәселесі

Қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздердің библиографиясы күні бүгінге дейін толық жасалып бітпесе де, ұлт тарихында айрықша маңызға ие басылымдар бар. ХХ ғасырдың бас кезінде орын алған толассыз толқулар уағында жарық көрген газет-журналдарға көз жіберіп, ақтарып көретін болсақ, олар революцияның үскірік желі шалып өткен Қазақстанның тарихынан, әдебиетінен, мәдениетінен, шаруашылық жайларынан біршама дерек береді. Патша өкіметі алдында қазақтың «қап!» деп неше жерден қапы қалғанын, қапияда өткен істердің де көп болғандығын көрсететін «Айқап» журналы соған дәлел.М.Сералиннің редакторлығымен және жауапкершілігімен шығып отырған «Айқап» сол кездегі көкейтесті мәселелерді хал-қадірінше көтеруге, халыққа таныстыруға тырысты. Бұл журнал – күрмеуі көп, шешуі қиын күрделі құбылыстар туралы сан алуа…

1
0
656

Ерен еңбек естен кетпес

Кеңес билігінің дегені болып, айтқаны келіп тұрған тұста саясатқа қарсы шығып, дұшпанын «менмұндалап» шақырса да, шырылдап шындығын айтқан адам болмады деуге дәтіміз бармайды. Ондай елжанды азаматтардың үні тың игеру науқаны басталмай тұрғанда да, жүзеге асырылып жатқанда да, нәтижесі көрініп, залалы тигенде де шыққан еді. Үні шыққан да болар, биліктің құлағына жеткен де болар, бірақ тыңдалмаған сөз жетім емес пе...Тек уақыт көші ілгері жылжып, тарих толқындары толағай толқулар жасап, абат даламызға азаттық қайта келгенде ғана көптеген түйткілді мәселелер талқыға түсіп, қателіктер мойындалып, олқылықтардың орнын толтыруға әрекеттер жасалына бастады. Әсіресе, тың игеру зардаптары қатты уайым туғызып, ел ағалары, ұлт жанашырлары бұл проблемаға ден қойған-ды.Бірақ, 36 жыл бойы тек жерге ғана…

1
0
887