Қазақ киносы қайда барады?
Кино. 10 жыл бұрын бұл сөз біз үшін тек шет елдің туындыларымен бірге елестейтін. Себебі, сапалы дүниелерді тек Голливуд қана түсіре алады деген пікір болған. Соңғы жылдарда бұл қалыптасқан ойды жоққа шығаратын қазақ туындыларының саны артып келеді. Тек саны ғана емес сапасы мен прокаттағы алатын орнын да айтарлықтай өскен. Көрермен көңілінен шығатын дүние жасац қашан да қиын. Қазіргі қазақ киносына көпшіліктің көңілі толып жүргені рас. Оған себеп, жаңашылдық. Жақсы жазылған сценарий мен шынайылық деп санайды жастар қауымы. Фильмнің жақсы шығуының кепілі актёрлық ойынға тікелей байланысты. Көрерменді қуантатыны- жаңа бейнелердің көбейгендігі. Бұрыңғы әншілер емес, нағыз актёрлардың жиі бой көрсетуі. Себебі, актёрлық ойын туындының 80% ын құрайды. Одан бөлек, фильмдердің жаңашылдық пен зам…