Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сан түрлі мамандық

Себебі дәл осы мамандықтар адамның қажеттілігін өтеп, жиі кездесіп жатады. Ал шет елде қандай мамандықтар мен жұмыстар кездеседі?Олардың біздікілерден айырмашылығы неде?

Қазір мен айтатын мамандықтар өте ерекше. Оны естігенде не күлеріңізді, не жыларыңызды білмеуіңіз мүмкін. Солардың бірнешеуін қарастырып көрейік. Интернет желісін бір шолып шықтым:

Ең қызық, ең таңқаларлық мамандықтың бірі және бірегейі ол- Пингвин тұрғызушы және бұрушы маман иелері. Атының өзі естігенде адамды қызықтырады. Пингвиндер бір орында қимылсыз екі сағаттан артық жатып қалса,өліп кетулері мүмкін екен. Бұл маман иелерінің бір ерекшелігі Солтүстік Полюсте ұшатын ұшақтарды қызықтаймын деп құлап қалған пингвиндерді тұрғызуы. Бұл мамандықта жұмыс жасау үшін міндетті медициналық тексерістен өтесіз

· Жалдамалы туысқан- ең алғаш Қытайда пайда болған екен. Той немесе басқада жиында көмек керек болса бұл маман иелері әрқашан дайын.

· Кезекте тұруды ұнатпайтын адамдар үшін Британия үкіметі арнайы заңдастырған- Кезекте тұрушы маман иелері сіз секілді жандар үшін кезекте тұрып береді. Қажет болса ұрсысып, салғыласып беретін бұл жандарға сағатына 40 доллар бересіз.

· Бұл мамандық біздің қазақ халқы үшін арналғандай. Шай дигустаторы- өте ерекше мамандық солай ғой. Сан түрлі шайды сараптап, ия болмаса дәмін көріп беруге әр қашан дайын.

· Сиырға арналған педикюр шебері. Сиырлар тұяқтары нашар, күтімсіз лас болса олардың сүт беру ықтималдығы азаяды екен. Сол үшінде үлкен сүт заводтарына осы мамандар тапшы.

· Қолтырауын үйретуші- бұл аман иелері қызығушылығы үшін қолтырауыннынң ауызына дене мүшелерін салып, құйрығымен ойнауға дейін барды екен. Сол ессіз әрекеті үшін қолтырауынның жемтігіне айналып кетуі мүмкін екенін түсінеме екен? Қызық.

Ал біздің елде жоғарыда айтылған мамандықтан бөлек, қазіргі заман талабына сай, сұранысқа ие мынадай мамандар жұмыс жасайды екен.

· SMM(Social Media Marketing) мамандар. Көп адамдар білмейтін маман иелері. Дегенмен жаңа технологиялар замамнында кез келген бастаманы бұл мамандарсыз елестету өте қиын. Себебі бұл мамандар- әлеуметтік желілер арқылы тұлғаның немесе кәсіптің имиджін қалыптастыру, сонымен қатар жарнамалаумен айналысады. Көптеген SMM мамандар- бұл үшін арнайы оқу керек емес деп жатады. Бұл мамндарға ең бастысы: тез тіл табыса алса, жауапкершілігі болса, кез келген нәрсені ақылға салып ойланса, сынға шыдай білсе, ең бастысы қызығушылығы болса болғаны деп есептейді.

· Сапер маман иелері бұл мамандық өзінің қауіптелегімен ерекше. Себебі бұл маман иелері миналарды зарарсыздандырады.

Бұдан бөлек әлі де анықталмаған сан түрлі мамандықтар жетерлік. Тек бірнеше мамандықпен ғана шектелмей жан жақты болғанның несі айып?!

Табысты кәсіпкер болу үшін...

Бизнесмен, яғни кәсіпкер болу- кез келген нәрседен пайда табу. Ал ол үшін “Әр нәрсенің көзін таба білу керек, адамдармен жақсы тіл табыса білу керек” деп есептейді 21 жасар жас кәсіпкер Малик Илияс Бекжанұлы. Белгілі дипломы, қажетті қаражаты болмаған жас кәсіпкер, қазіргі кәсібін қалай бастаған?

Мектеп жасынан жай саудамен айналысқан ол, бұл жолға түспес бұрын өте көп ойланған.Талай жобаны бастап, бәрінен дерлік пайда таппаған жас кәсіпкер- қанша құлағанмен қайта тұрудан шаршамаған. Расымен, біршама кәсіп бастап, аяғы аяқсыз қалған. Соңғы “Name It” адам есімі жазылған кулон жасаумен айналысып, алғаш нарыққа кірген бір айда 600 данасын сатып, үлкен бәсекелестік тудырған. Кәсібінің ішіндегі ең табыстысыда осы болған.

Оның айтуыншша,бизнес ол- құрбандық. Сол жолда көп нәрсені құрбан етуге тура келеді.Мейлі досың,мейлі жақының болсын маңызды емес. Көбіне жас, әрі жаңа кәсіпкерлер жиі “Жоқ” деген сөзді естуден қорқатын көрінеді. . Ал ондай адамдарға Бизнеc әлемінде орын жоқ. Cебебі бизнес ол- ұмтылыс.”Қанша қиналсаңда тек алға ұмтыл” ұранын ұстанатын Илияс- өзі де ешқашан артына қарайламаған. Ол үшін бизнесте ең керегі- адамдармен жақын әрі тез тіл табысу.Тек солай сен кәсібіңнің тасын өрге домалата аласың.

Осы тұста неге қазақтар арасында бизнес әлемінде жиі табысқа жетушілер аз? Деген сұрақ туады. Осы тұста бизнесмендерде мынадай ой туған. Олардың айтуынша – дәл осы салда қазақтардың менталитеті үлкен кедергі екен. Себебі біздің қазақтарда тартыншақтық, ұялшақтық, елдер не айтады деген нәрселер көп алаңдатып, алға жүруге мүмкіндік бермейді. Олар көп жерде жанашырлыққа көп жол беріп қойып жатады. Ал бизнес әлемінде “Сен тұр, мен атайын” дейтін жалынды жастардың саны қалың. Сол себептен де бұл саланы тек мықтылар ғана жүргізіп кете алады.

Елімізде шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіліп,3% салық төленетінін айтқан ол,еш бизнемін қомақты қаржымен бастамаған. Моральды және материалды тұрғыдан қиналған Илияс-“ саудада достық жоқ”дегенге сенетін көрінеді.Өміріне ,болашағына алдын ала жоспармен жүреді. Қазіргі арманы,ертеңгі мақсаты 30 жасқа дейін “FORBES” тізіміне еніп,ірі мегаполис салу.

0
0
1307

Осы тақырып бойынша

Сан түрлі мамандық - Yvision.kz