Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

“Ақ жол”газеті

Бүгін мен Қазақстанның қоғамдық-саяси ойының және мәдени-ағарту ісінің дамуына ықпал ете білген - “Ақ жол" газеті жайын да жазбақпын. Бұл газет сонау 1920-1925 жылдар да Ташкенттегі Түркістан Компартиясы мен Шымкентің Сырдария губкомының органы ретінде шығарылып отырған еді. Алғашқы редакторы — Сұлтанбек Қожанов болса кейінен газетті Нәзір Төреқұлов, Серікбай Оспанов, Иса Тоқтыбаевтар тізгіндеген болатын.”Ақ жол” газетінің дамуына Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Досмұхамедов, Ілияс Жансүгіров, Ахмет Байтұрсыновсынды қазақ зиялыларының үлкен шоғырыда араласқан.Алаш қозғалысының қайраткерлері газет беттеріне қазақ халқының мүддесіне қатысты тақырыптарды қозғап, құнды мақалалар жариялап отырған.Кезін де газеттің саяси-идеялық бағыты құрылтайшыларға ұнамай, басылып шығуына көп кедергілер жасалған еді. Коммунистер “қызыл” деген сөзі бар атауды алмай, газеттің “Ақ жол” атануының өзінен де күдікті мән іздеген. Осыған орай Сұлтанбек Қожановтың “Ақ жол” біздің ақ батамыз, ақ жүрегіміз, ақ көңіліміз екенін қазақ-қырғыз жұрты ақылымен біліп, жүрегімен сезеді” деп жазғаны бар.”Ақ жол” газеті халық алдындағы борышын адал орындаған, ұлттың рухын көтеретін басылымдардың бірі.«Қазақ» газетінің ұлттық бағыттағы идеялық дәстүрін жалғастыруына байланысты “Ақ жол” газеті Түркістан халқына да кең танымал болған.Мұхтар Әуезов 1923 жылы 4 ақпанда «Ақ жол» газетінде «Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын» – деп берген бағасын осы ізгі дәстүрлерді кеңестік билік жағдайында жалғастырған «Ақ жол» газетіне де қатысты айтып кеткен.«Ақ жол» – кеңес өкіметінің езілген ұлттарға теңдік пен бостандық беруге уәде еткен саяси мәлімдемесінен бұрын жаңа қоғамдық тәртіпте ұлт мүддесін қорғаған ұлттық элитаның саяси еркінің жемісі болды.

Жалпы алғанда төрт жылдан астам шығып тұрған газет таралымының жоғары болуы оның тілінің жатықтығымен ғана емес, газет бетінде көтерген мәселелерінің ұлттық мүддені ұлықтаған өткірлігінен, халықтың көңіліндегіні айтуын да деп білемін.

0
0
378

Осы тақырып бойынша

“Ақ жол”газеті - Yvision.kz