«Мен қазақпын» поэмасындағы рухани жігер мен ұлттық код ұғымдарының көріністері
Қазақ халқы – рухы биік, жігері асқақ, ұлттық мұрасын көздің қарашығындай сақтаған қастерлі ұлт. Қазақты жырына қоспаған қазақ ақыны, қазақты сөзге қоспаған қазақ қаламгері жоқ шығар. Ұлы дала халқын жырына қосып, жалын атқан жасампаз намыстың туы еткен ақындардың бірі - Жұбан Молдағалиев. Ақиық ақынның «Мен қазақпын» деп үн қатқаны-оның қазақ азаматы ретіндегі биік ұраны.Жұбан Молдағалиев-қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін, дәстүрін, халықтың рухани байлығын анық ашып көрсеткен шебер ақын. Ақынның «Мен қазақпын» өлеңінде өршіл рух, терең патриоттық сезім, ұлттық жігер сынды сезімдер көрініс тапқан. Сондықтан да қазір бұл өлең еліміздің әрбір азаматының,яғни әрбір қазақтың өшпес ұраны.Мен-қазақпын, мың өліп, мың тірілген,Жөргегімде табыстым мұң тілімен,Жылағанда жүрегім күн тұтылып,Қуан…