Радиожүргізушіге кеңес...
Радиожүргізуге ең алдымен сенімділік пен тиянақтылық қажет.Өйткені тікелей эфирде миллиондаған тыңдарманға ақпарат тарату екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс.
Одан кейін әрине дауыс пен дикция.
Тыңдарманның жүрегіне жеткізіп сөйлеп,олардың көңіл-күйлерін көтеру үшін радиожүргізушінің дауыс ырғағы жағымды болуы тиіс.
Және кез-келген ситуацияға дайын бола білу керек!
Қанша дегенмен радио көбіне тікелей эфирде хабар таратады.Ал эфирде түрлі оқиғалар болады.Техникалық ақаулар немесе шақырылған қонақ кешігіп не келмей қалған жағдайда,шығатын жол тауып,тыңдарманды тамсандыру радиожүргізушіге жауапты іс.
Әрине мұның бәрін үйренуге көп уақыт керек."Көш жүре түзеледі"деген бар емес пе? Сол секілді барлығы тәжірибемен келетіні анық!