Мазмұнға өту
История

История

223 жазбалар207 тіркелуші

Сообщество для любителей истории

«Ақталған есім – Темірбек Жүргенов»: тәрбие сағаты

Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған №18 мектеп –гимназиясының оқушылары үшін танымдық сағат ұйымдастырылды. Шығармашылығын бүгінде халықтың рухани мұрасы ретінде қарастыратын ұлттық мәдениет қайраткерлерінің арасында Темірбек Жүргенов Қазақстанның білімі мен өнерінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, публицист ретінде танымал. Бүгінде Қазақстанның Ұлттық өнер Академиясы Темірбек Жүргеновтің есімімен аталады, еліміздің әртүрлі қалаларындағы көшелер оның құрметіне аталған. Кітапханашылар Т.Жүргеновтің өмірі туралы айтып, Б. Қойшыбаевтың "Комиссар Жүргенов"атты жаңа кітабын ұсынды.

#гидқазақстанға #ГидПоКазахстану

0
0
828

Түрік Республикасы

Дана Жол бұл мақалада түрік төңкерісінің себептері мен салдарларын қарастырады. Түрік немесе или Кемалшылдар төңкерісі — 1919-1923 жж. аралығында М. Кемаль Ататүріктің басшылығымен жүзеге асқан ұлттық төңкеріс. Бұл төңкеріс халифа атағы (мұсылман қауымының басшысы) бар түрік сұлтаны және оны қолдаған, діни тұғырнамада тұрған феодал-шенеуніктерге қарсы бағытталды.Себептері:· Түркияның бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілуінің нәтижесінде ұлттық тәуелсіздігін толықтай жоғалту қаупі;· Сұлтандық үкіметтің Англия, Франция елдерінің алдында тізе бүгуі және оларға толық бағынуы;· Англия, Франция елдерінің Осман империясы аумағын басып алуы және оған әскерлерін енгізуі;· Мудрос уақытша бітімі (1918 ж.) мен Севр бейбіт келісімшартына (1920 ж.) қол қойылуы;· Осман империясының аумағының көп бөлігінен…

0
0
574

1928-32 жылдардағы аштық - ұлтқа жасалған геноцид

1928-1933 жылдардағы ашаршылықты геноцид деп жариялайтын уақыт келді. Өйткені басында қазақтың үштен бірі дедік, одан кейін тең жартысы деп жүрдік. Алайда құпиясыздандылған архив құжаттары қазақтың үштен екісі, яғни 70 пайызы нәубет құрбаны болғанын көрсетіп отыр.

Көзіңізге елестетіңізші сол кезде қазақтың саны 7,7 млн болса, ашаршылықтан кейін 2 млн-ы ғана қалған. Сондай-ақ бұл нәубеттен тек қазақ ғана емес, елдегі өзге этнос өкілдері де зардап шеккенін НКВД архиві дәлелдеп отыр. Сондықтан Парламент пен Үкімет мемлекеттік қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия жұмысына көз жұмып қарамай, саяси шешім қабылдауын азаматтық қоғам өкілдері талап етуі керек.

0
0
497

Күй атасы - Құрманғазы

Қазақ елі өз жерінің қазына-байлығымен ғана емес, әлемді аузына қаратқан атақты талант иелерімен де белгілі. XIX ғасырдың қазақтың күй өнерінде бірінші және аса құрметті орын қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлына тиесілі. Елді өзінің өзгеше өнерімен оятқан жасампаз күйші Құрманғазы Сағырбайұлына биыл 205 — жыл. Құрманғазы Қазақстанның музыка мәдениетінде айрықша орын алады. Ол қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.

0
0
704

Аты аңызға айналған батыр - Қасым Қайсенов

Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 73 жыл толып отыр. Бұл тарихи оқиға бізден алыстаған сайын ұмытыла беретіні анық. Сондықтан жас ұрпаққа Отан қорғау жолында құрбан болған, ерен ерлік көрсеткен батырлар жайлы айту біздің міндетіміз. Осы мақсатта 3 мамырда №28 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушылары үшін партизан-жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің 105 жылдығына орай «Аты аңызға айналған батыр» патриоттық сағаты өткізілді. Іс-шара барысында балаларға жалпы ҰОС туралы викториналық сұрақтар қойылды, Қ.Қайсеновтің өмірі мен шығармашылығы туралы бейне-роликтер көрсетілді, автордың біздің қорымызда бар кітаптарына шолу жасалды. Іс-шара балаларға патриоттық сезім сыйлады.

0
0
796

Астрахань жеріндегі ноғай субэтникалық топтары туралы

Қарақалпақ, ноғай және қазақ тілдері ең жақын, туыс тілдер екені түсінікті. Қарақалпақ ағайындар туралы көбірек білеміз деп ойлаймын. Ал, жалпы, ноғайлар туралы мағұлматтарымыз жеткілікті десек те біздің олардың субэтникалық топтары туралы деректеріміз аз.Сонымен, ноғайлар негізінен Ресейде тұрады, саны ресми деректер бойынша 110 000, дегенмен, әдетте аз халықтар санын көп қылып көрсететін сияқты ноғайлардың өздері сандарын 150 000 шамасында дейді, меніңше, сол 110-150 мыңның арасында болар.Енді, субэтникалық топтары туралы.Бірінші, қарағаштар. Естеріңізде болса, ютубта қазақша сөйлеп жатқан бір әженің видеосы тараған болатын. Тілі қазақ тілінен еш айырмашылығы жоқ, тіпті, біздің батыс қазақтары сияқты "не зат" деп сөйлеп отырған ол әже қарағаш қызы болатын. Қарағаштардың мекені Ресейдің…

0
1
767

Каракачандар деген кімдер?!

Біз әдетте Балқан түбегіндегі түркі халықтары туралы айтқан кезде ең алдымен Фракиядағы түріктер есімізге түседі. Жалпы, түрік ағайындар Осман империясы дәуірінен бері қазіргі Грекияның, Болгарияның, Солтүстік Македонияның, Косовоның, Сербияның, Босния және Герцеговинаның жерлерінде тұрып жатыр. Барлығында да азшылық саналады. Түрік ағайындардан кейін Балқандағы юрюктар, одан кейін гагауздар да түркі халықтарына жатады. Айтқандай, Румыния мен Болгарияда (Добруджада) едәуір қырым татары бар. Бірақ, менің қызығушылығымды тудырған Грекия мен Болгариядағы, Сербия мен Солтүстік Македониядағы каракачандар. Каракачандардың жалпы саны шамамен 20 мың ғана.Атаулары айтып тұрғандар каракачандар түркі текті халық, тек тілдері грекше, сәйкесінше діндері православ христиандар. Ал, оларды неліктен түркі…

0
0
636

Абай неге осынау жарық дүниеден безді?

Өмірдің барында жалғыздық шыдатпайды. Абай неге осынау жарық дүниеден безді? Қымбаттыларын жоғалтып, жалғыздықты көтере алмады. Әбіші мен Мағышы, Әбішінің Мағашы, өмірсерік екі арысы Ербол мен Базаралы кетіп... «Базаралы Ербол үзілгенде, досының басын тізесіне салып отырып қош айтысып жаназасын шығарған күні кешке жығылып содан тұрмады», -деп жазады Мұқан. Абай да - балалары, достары, заманы өткеннең кейін - «моласындай бақсының» жалғыздықтан қаша алмады...

«Абай жолы» - жоғалған өмірдің жоқтауы.

Бозбала кезімде мені жылатқан Буниннің «Күңгірт аллеялары» («Темные аллеи») да мен үшін өткеннің елестері, көлеңкелері, spirit... болып елестесе керек, как будущие тени уходящей жизни, разрушающегося уклада. Все станет тенью. И мы...

-2
0
522

Рашид ад-диннің қазақтары

Ергене Қон, Қызыл Бөрі Бөрте Шене заманынан түрік тілдерінің төлі қазақ тілі көп өзгермегендей. Бұл жөнінде жақында ғана осы төл тілге аударылған Рашид ад-диннің «түрік-мұғұл» Шыңғысхан әулетінің шежіресі "Жамиғ ат-тауарихтағы» (ауд. Оразбай Зәріпбай, т.б.) есімдер, елесімдер, жер-су аттарына қарап ойлануға болады.Аталған "Тауарихта" Қағанның бабаларының есім-сойлары аутентті, нақты түрде берілген ("Шыңғыз", "мұғұл", «Қйиан» (көптік тұры «Қйиат», т.т.), ал этимологиялық (тегі, мәні туралы) түсіндірмелері тіпті айшық, нақты. Мысалы Алан Қуа (Анадан) туған Шыңғысханның (бірінші) атасы - Будунжар. Budun көне түрік тілінде - «бүтін халық», ел, жұрт. «Каньмдь югурдтшь – турк будун учун» - "Қанымды жүгіртші - түрік халқы (елі) үшін" деп тасқа жазылған сөйлем бағзыдан санамда қалған. Тас жазулар…

-1
0
846

Шыңғыстау пайзасы / Чингистауская пайза

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары болса керек. Семей облысы Абай ауданының «Бірлік» совхозының қойшысы Төлеухан отарын жайып жүріп суырдың інінің аузынан күмістен құйылған көне бүйім тауып алады.Аверсінде (бергі бетінде) шүңірейген үлкен домалақ көздері бар, қоңқа танау, бірақ жәй пенде емес – басында тәжі бар, жалынды құйрығын көкке көтерген ноқталанған арыстан тектес мақұлықтың үстінде еркін отыр. Оң қолына, қазақша атауын білмеймін, ағылшын тілінде Mace-staff, орысша «жезл» - билік белгісін көтерген, сол қолында жоғары ұстаған сандықшасы – байлық, дәулеттін белгісі болар. Кигені белбеумен оралған қымбат шапан. Жалпы сақ дәуірінің әспеттеу дәстүрінде орындалғанға ұқсайды. Онысын түсінбесе де Төкең қымбат дүние екенің біліп, ешкімге жарияламай үйіне апарып сандығына тығып қояды. Новосиби…

0
0
1245