Мазмұнға өту
ZhaksylykZineshov

ZhaksylykZineshov

Сайтта 2020 ж. 4 қазан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

2

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

«Қазақстандағы қазіргі журналистика»

Журналист – қастерлі де қасиетті мамандық. Екінің бірі, егіздің сыңары журналист бола алмайды. Бұл – Аллаһ тағаланың пендесіне берген сыйы. Журналистер туралы ілгерілі-кейінді данышпандар өте көп айтқан. Солардың ішінде менің көкейімнен кетпейтін, кеудемнен өшпейтін кемеңгер тұлғаның осы бір кестелі сөзі үнемі санамда салтанат құрады.Мен үшін бұл мамандықтың орны ерек, жөні бөлек. Өйткені, менде болашақта осы сала бойынша жұмыс жасап келдік қалам ұшында, көк найзаның сұсы бар деген жалынды, дарынды тілші болғым келеді.Журналистика атты қарусыз, қаламмен күресетін майданның бүгінгі таңда елімізде қадір-мен қасиеттен айырылып бара жатырғандай. Елімізде журналистиканың бастауы сонау 19-ғасырдан бастап белең ала бастады. «Жазушының атасы журналист» дегендей әдебиеттегі қайраткер қаламгерлерді…

0
0
485

Тойладық, ойнадық, енді болашақты ойлалық...

Жеті ай өтті... Карантин қазаққа көп дүниенің қадірін ұғындырғандай. Көп асқанға, бір тосқан дегендей қазақтың тойына да тұсау салды. Карантинге дейінгі тойдың әлеуеті мен мәдениеті басқаша еді. Иә, қазақта бұрыннан келе жатқан отыз күн ойын, қырық күн тойын жасады немесе ат шаптырып алты ай тойлатты деген таңсық емес тіркестер бар. Алайда осы бір тіркесті әркім өзінше түсініп, жөн- жоралғыны ысырып, ысырап етіп ырысын қашырғандар қаншама.Әр нәрсенің шегі болатынын уақытында түсінбегеніміз өкінішті әрине . Шаршасақ тек тойдан шаршайық деп бар жиған тергенін тойға шашып, шаршағанын тойдан басқан қазақтың той жасамақ былай тұрсын, талдаңдап жүруге де шамасы келмей қалды.Қырғыздарда ас аттыныкы, той тондыныкы деген мақал бар. Атынан ат үркетін атың болсада, тойынғаныңды топқа көрсететін тоны…

0
0
351