Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тойладық, ойнадық, енді болашақты ойлалық...

Жеті ай өтті... Карантин қазаққа көп дүниенің қадірін ұғындырғандай. Көп асқанға, бір тосқан дегендей қазақтың тойына да тұсау салды. Карантинге дейінгі тойдың әлеуеті мен мәдениеті басқаша еді. Иә, қазақта бұрыннан келе жатқан отыз күн ойын, қырық күн тойын жасады немесе ат шаптырып алты ай тойлатты деген таңсық емес тіркестер бар. Алайда осы бір тіркесті әркім өзінше түсініп, жөн- жоралғыны ысырып, ысырап етіп ырысын қашырғандар қаншама.Әр нәрсенің шегі болатынын уақытында түсінбегеніміз өкінішті әрине . Шаршасақ тек тойдан шаршайық деп бар жиған тергенін тойға шашып, шаршағанын тойдан басқан қазақтың той жасамақ былай тұрсын, талдаңдап жүруге де шамасы келмей қалды.

Қырғыздарда ас аттыныкы, той тондыныкы деген мақал бар. Атынан ат үркетін атың болсада, тойынғаныңды топқа көрсететін тоның болса да қазіргі жағдай мүлде бөлек. Covid -19 адамзаттың алқымынан алғанда, бөлмеден шықпай бұққан бұқара, жағдай тұрақталғалы той жасауға титіңдей мүмкіндік берсе болғаны тартынып қалары жоқ.Тәжтажал елге табан тіреді десекте, құзырлы органдар кафелердегі тәртіпті темірдей етседе, бүгінде елдегі ахуалға қарамастан, ашуланып ашынған ағайын той жасауды тоқтатар емес. Әркім өзінің үйінде, ауласында той жасап әбігер болып жүр. Ағайын астыртын той жасауды доғарса игі.

Келісіп пішкен тон келте болмас демекші алдымен ел болып індетті жеңуді ойлауымыз керек. Адамдар өмір мен өлімнің арасында арпалысып жатқанда, той-тойлап, сауық-сайран құратын уақыт емес. Каронавирустың қарқыны енді басылдыма деп ек, тәжтажал тағы келеді деген хабар елдең ертеңін алңдатты. Сол себепті бүгінгі заман той-тойлайтын емес, ертеңді ойлайтын заман.

0
0
353

Осы тақырып бойынша

Тойладық, ойнадық, енді болашақты ойлалық... - Yvision.kz