Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Журналистік шеберлікке қатысты талаптар мен міндеттерді айқындау.

Солардың ішінде қиын мамандықтың бірі ол- журналистика дер едім. Журналист болатын адам жан-жақты, білікті, шығармашылық адам болуы керек. Сонымен қатар, журналиске ең керекті- сауатты жаза білу және сауатты оқи білуі керек. Журналис өз шығармашылығы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Журналист газет-журнал да болсын, радио немесе телеведения да болсын ол шығармалық адам. Ол редакцияда жұмыс істеседе ең алдымен- ұйымдастырушылық, екіншіден- әдеби өңдеу, үшіншіден- шығармашылық болуы тиіс. Әрине, бұның бәріне қабілет пен білім керек. Журналис өмірдегі оқиғалар болсын, құбылыстар болсын оның мәнін түсіне білуі, қандай да бір оқиға барысында тапқырлығы мен сөздік қорымен кез-келген жерден сүрінбей шықса, міне осы журналистің шеберлігі. Журналис болу үшін тек шағармалышық адам ғана емес, сонымен қатар, психологиялық жағынанда қарастыру керек. Журналистің шеберлігі үнемі даму, өзгеру, жаңару үстінде болғандықтан да оған біржолата «нүкте» қойып қорытындылау да келісімсіз болары ақиқат . Бір сөзбен айтқанда – творчество шексіз!...

Қазіргі кезде техникалық заман қарқынды, тез дамыған сайын журналистікте талаптар қатары да күшейетіні сөзсіз. Қазіргі таңда журналис болу үшін мақала жазып, журналистік дүние туындату жеткіліксіз болады. Қазіргі журналист- тіл бірумен қатар, фото-видеоға ғана түсіріп қоймай, оны монтаждап, жаңа медиа саласын жетік меңгеру керек. Бұндай талаптар Қазақстанда енді қолға алынып жатса, батыс елдерінде күнделікті қажеттілікке айналған. Мәселен ВВС компаниясы жаңа медиа саласын білмейтін қызметкерлерді, ол қызметкер үлкен дәрежеде мақала жазсада жаңа медианы білмесе жұмысысыз қалады. ВВС компанияның жаңалықтар бөліміндегі басшысы Питер Хоррокс журналистерге жұмыс барысында блогтар мен әлеуметтік желілерді жиі-жиі қолдануға қатаң талап кояды. Яғни, бұл талап шетелдерде бұрынан қойылатын талаптардың ішіне кіреді.

Сонымен қатар, журналистердің талаптардар бөлек те, өзіндік қатаң міндеттері бар. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 21 бабында журналистің міндеттері айқын жазылған.

· Қазақстан Республикасының басшылыққа ала отырып, өзі шарттық қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралдарының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға;

· Шындыққа келмейтін ақпаратты таратпауға;

· Ақпарат ұсынған адамдардың авторларын көрсетуге;

· Жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін құрметтеуге;

· Сұхбаттасу алдында дыбыс пен видеожазбаны пайдалануға келісім алуға;

· Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзіне жүктелген жұмысты орындауға міндетті.

Журналистика- қазіргі таңда бағы жанып тұиған мамандықтардың бір. Журналистердің жетістігін де, кемшілігін де халық біледі. Сондықтан, журналист болам десеніз, дәл қазіргі сәттен ізденімпаз болсан, алдағы уақытта біраз жетістікке жетерін сөзсіз.

0
0
1227

Осы тақырып бойынша

Журналистік шеберлікке қатысты талаптар мен міндеттерді айқындау. - Yvision.kz