Сапалы жол - сапалы өмір кепілі: Қазақстандағы жол мәселесі.
Талай жылдан бері әлек болып, айтылып та, жазылып та келе жатқан тақырып жол апаты бүгінде өршіп тұр. Жыл сайын қыруар қаражат жол жөндеуіне бөлініп тұрған мен бірақ,нәтижеге келгенде салынған жолдардың сапасына халықтың көңілі толмайды. Алысты жақындатып, адамды діттеген жеріне тез жеткізетін тегіс түзу жолдардың болғанын қаламайтын жан жоқ шығар. Алайда барлығы біз ойлағандай соншалық күрделі ме?!Жол сапасы халықтың тұрмыс деңгейіне, экономиканың дамуына тікелей әсер етіп қоймай, елдің әлеуметтік-саяси жай-күйінде де маңызды рөл атқарады. Көлік жолдары кеңейген сайын мемлекеттің өркендеуінің, халықтың әл-ауқатының жаңа көкжиектері, зор мүмкіндіктері ашыла түспек. Былай қарағанда барлығы айдан анық болып көрінеді. «Ал іске асыруға келгенде неге тұралап қаламыз?» деген заңды сауал туындай…