Алғысқа бөленген дәрігер
Жер бетінде дәрігерлік мамандықтан абыройлы, құрметті мамандық жоқ-ау, сірә. Дәрігер болу үшін адамға ем дарытып қана қоймай, оның жанын түсінетін, жылы сөзіңмен дем беретін маман иесі де болуың керек.Сол салаға күллі ғұмырыңды арнап, адал жүрекпен, шын көңілмен еңбек жасауың қажет. Сонда ғана халықтың сыйлысы, құрметтісі боласың. Мен білетін Жеңісбек Ешмұратұлы сондай азамат.Өмірінің тең жартысын ақ халатта өткізген оның дәрігерлік қызметте жүргеніне, міне, 51 жыл толып отыр. Кейіпкеріміздің бұл салаға келуіне анасы себепкер болған екен. Өйткені, ауылда тұрған шағында анасы Фаузия ауыр дертке ұшырап, емдейтін дәрігер табылмағаны ағамыздың жанына қатты батса керек. Сол сәттен бастап ол дәрігер болуды алдына мақсат етіп қояды. Жеңісбек Ескабуловтың өмір, еңбек жолдарын зерделейтін болсақ,…