Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та бақыт та қонбайды
Жер жаһанда бізді қоршаған құбылыстың бәрі де өзінің даралығымен ерекшеленеді.Түр әлпет, кескін келбетімен, қимыл-әрекетімен, қасиет-ұжданымен ортада өзін қалыптастырады,қоғам алдындағы бейнесін қалайды. Қаншама адам болса соншама көп мінез-құлықтың барын есте сақтап, өзім деп өз ойын беталды айтудан аулақ болу көпшілік алдындағы мәртебемізді биіктетеді. Бұл ретте толерантты болу ең дұрысы. Ақылды адамның адымынан аңғарармыз. Көптің ойын тыңдай біле отырып, өзіндік пікіріңнің болуы өте маңызды. Онсыз сен көптің бірі, көштің адамы боларың анық.Расында,бақтың тұрақтылығы мінезге байланысты.Сырт келбет танысқанда ғана керек, қанша жерден паң сұлу,керім-кербез болғанымен жан дүниесі соншалықты сұрықсыз болса ондай жанның қайыры жоқ.Тілдескенде әдемілігінен әп сәтте айырылып, адамгершілігінен…