Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шығармасы-дара,кейіпкері-дана

Бұл жолғы демалысымның көп бөлігін кітап оқуға арнадым.Алақандай ғана ауылымыздағы кітапхана кітап қорына бай.Мыңдаған кітап ішінен Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы көзіме оттай басылды. Мұқабасына онша назар аудартпағанымен,тақырыбы тартымды екен .Қаламгер тақырып арқылы барлық оқырманға бата-тілек жолдап тұрғандай көрінді.Байқап қарасам,жазушының ең соңғы шығармасы да осы екен.Үйге жете салысымен оқуға кірістім.Жақындарынан жырақта қалған,жалғыз баласы үшін өліммен арпалысқан Нәзираның тағдыры баяндалады.Романның аты да ерекше.Бала кезінде әжесімен бірге ауыл шетіндегі бейітке барып,құран оқытқаны есінде.Әжесі моланың үстіне бір шам жағып, «Шырағың сөнбесін!» ,-деп дұға етеді.Неліктен шырақ жаққандығын ұғына қоймаған Нәзира: «Ол шам біраз уақыттан соң қалай болғанда да сөніп қалады ғой.Ал сіз шырағың сөнбесін деп айттыңыз.Ол қалай сөнбейді?» –деп сұрайды әжесінен.Немересінің шашынан сипаған әжесі: «Қызым,оның шырағы сен,оның өмірін сен жалғайсың,ұрпағымен өшпегені-оның шырағының сөнбегені» ,-дейді.Бала көңіл дәл сол уақытта осы сөздің мағынасын ұғына қоймаса да,басына қауіп төнгенде дәл осы сөздердің жанға медеу болады.Барлық қиындыққа шыдауға бекінеді.Нәзираның тағдырына арқау етіп,романды «Шырағың сөнбесін» деп атады автор.Соғыстың басталуы шетте жүрген жас отбасының басына тауқымет әкеледі.Азаматы соғысқа аттанған Нәзира елге оралу үшін жанындағы әйелдермен бірге арпалысып жолға шығуы,сол жолда көрген бейнеті,өткенге ойша оралуы шығарманың шыншылдығын шыңдай түседі.Оқып отырып,жаңа образ мен қилы шытырман оқиғаның куәсі боласың.Заманның ащы шындығы да айна-қатесіз көз алдыңа келеді.Жапан түзде шырылдаған сәби үні,шарасыз ана бейнесі шынайылығымен еріксіз жанарыңа жас үйіреді.Сұм соғыс бейбіт ғұмыр кешуге мұрсат бермейді.Қайда барса да «Қорқыттың көрінің» кебі.

Нәзираның тағдыры күрделі болса да,оған қолұшын берген жақсы жандар да жолықты.Дуня әжейдің образы-кез келген адам бойынан табыла бермейтін көркем бейне. Жағымпаз шенділерге ақиқатын тайсалмастан бетке басып,ақтық демі қалғанша әділет жолында күреседі. Шығармада әйел теңсіздігі де сөз болады.Қанқұйлы майдан ішінде теңдікті аңсаған әйелдердің бірі- Света.Нәзираның жан құрбысы. Немістің арам қарамұрттылары ол күндері тек мансап, ләззат,жеңіл табыс көру жолын аңсайды.Ақыр аяғында өрімдей қыздың болашағын сол жерде балтамен шорт кескендей еді.Енді жалғыз жақыны Светадан айырылса да,ол болашақтан үмітін үзбеді.Нәзираның бар арманы күйеуінен қалған жалғыз тұяқты жетілдіру болатын.Атқан таңға үмітпен қарайтын Нәзираның ғұмыры екі жастың араға біршама жылдар салып қосылуымен аяқталады.Ақыры әйел азаттығы жеңіп шықты. Әйел затының қаһармандығы мен теңдік жолындағы ерліктері көпке үлгі.Авторды даралап,кейіпкерді дана етуімнің себебі де осы.

Неліктен қаламгер «Шырағың сөнбесін» деп ат бергені мені қатты еліктірді.Үйге аптығып келіп шығарманы оқуға кірістім.Енді мен,құрметті оқырман, өзімнің алған әсеріммен сіздермен бөліссем деймін.

Оқиға желісі жақындарынан жырақта,бұғауда қалған жалғыз бауыр еті баласы үшін өліммен арпалысқан Нәзираның тағдыры жайлы өрбиді.Кеңес офицері Қасымбек Нәзира атты ауыл қызына үйленеді.Жастықтың шат-шадыман сәті бір сәтте қараңғы қапасқа айналып, елді сұм соғыс шарпиды.Назира Абанмен тұрмыс құрады,бірақ ол майданда мерт болады.Соғыс басталғалы дақпыртқа ұшыраған әйел,бала-шаға қатарында Нәзира да бар.Нәрестесі қолында.Романның ұзын ырғасы осы.Әрине бұл бір сөзбен айтқанда ғана.Оқи,көре келе шығармада жаңа образ,қилы тағдырлар ашылады.Оқиғада бұрын соңды өзге шығарма,кино сахналарда айтылмаған ащы шындық,қат-қабат күйбелең тіршіліктің сыр сипаты толық танылады.Жапан түзде шырылдаған сәби үні,шарасыз ана бейнесі.Сұм соғыс бейбіт ғұмыр кешуге мұрсат бермейді.Қайда барса да «Қорқыт көрінінің» кебі.

Оқырманның өз ісіне тәнті қыларлықтай кейіпкері болары анық.Мен үшін Дуня әжей- (Евдокия Герасимовна) образы-өмірде қайталана бермейтін жомарт бейне. Түн.Баспанасыз Нәзираға пана болып,басына қиын-қыстау түскене араша болған да осы Дуня әжей.Усачев,Тұрсынғали секілді жағымпаз шекпенділердің шындығын тайсалмастан бетке басып, ақтық демі қалғанша әділет жолында күресті.

Аталған екеуі де белсенді.Ал белсендіге бәрібір:дос па, жау ма әйтеуір қызмет етсе,біреу арқасынан қақса болғаны-ертеңгі өмірінде шаруасы да болмайды.Дуня әжей: «Жағдайларың белгілі ғой, қайда барам дейсіңдер»,- деп ащы мысқылмен күлуінің өзінде астарлы мән бар.Бұл образдар ел ішіндегі азып-тозған шекпенділердің, Абайша айтқанда, «елді қанаушылардың» типтик бейнесі.

Шығармада әйел теңсіздігі де сөз болады.Қанқұйлы майдан ішінде теңдікті аңсаған әйелдердің бірі-Нәзираның сырласы- Света. Немістің арам қарамұрттылары ол күндері тек мансап, ләззат,жеңіл табыс көру жолын аңсайды.Ақыр аяғында өрімдей қыздың болашағын сол жерде балтамен шорт кескендей еді.Енді жалғыз жақыны Светадан айырылса да,ол болашақтан үмітін үзбеді.

Ақыры әйел азаматтығы жеңіп шықты.Т.Ахтановтың Шырағың сөнбесін романының шырағын сөндірмей,өмірді,ұрпақты жалғастырушы- осы «СОЛ».Нәрестенің әзірге есімі жоқ.Бірақ «СОЛ» аман болса,Қасымбектің шаңырағы құламайды,аты өлмейді.

«Қазақ әйелінің қырық жаны бар»- ,дейді халық даналығында.Нәзираның бостандық,теңдік жолындағы қадамдары жұрт алдында өнегелі іс.Роман соңы екі жастың араға жылдар салып табуысуымен аяқталады.Өмір жолындағы қақтығыстар ашыла суретеледі.

Сөйтіп, қорыта айтқанда, заманымыздың ірі жазушысы, аса ойшыл, білімдар, мықты суреткері – Тахауи Ахтановтың өзге көркем дүниелері сияқты, «Шырағың сөнбесін» романы – тілі мен көркемдік стилі тұрғысынан қазақ прозасында кейіпкер атынан баяндалатын туындылардың классикалық үлгісі болып табылады.

Сіздердің де нағыз шедеврлік асқақ туындының шуағына шомылып,әсерге бөленгендеріңізді қалаймын және оқуға кеңес беремін.

Қысқасы Т.Ахановтың «Шырағың сөнбесін» романы-кең тынысты үлкен шығарма.Қай ел,қай ұлт болмасын оқырманның көңілдерінен шығары даусыз!

0
0
899

Осы тақырып бойынша

Шығармасы-дара,кейіпкері-дана - Yvision.kz