Байқоңыр- ұлтсыздық пен ұлтшылдықтың бүгінгі көрінісі ме?
Алматыға арман қуып келген сәтке дейін, менің санамда туған жерім Байқоңыр қаласы өзге қаладан айырмашылығы жоқ, ерекшелігі- ғарыш айлығы деген түсінік қалыптасқан. Бұл танымымды « орыстанған, экологиялық қала, мутанттар дүниеге келеді ме, орысша тәрбиленіп, орысша білім беріледі ме, орыс ақшасы айналымда ма?» деген сұрақтардың жиі кездесуі теріске шығарғандай болды.«Байқоңыр» атын естісе, ғасырлар тоғысында орын алған отаршылдық саясаттың қазіргі замандағы жалғасын тапқан тағы бір көрінісі, Ресейдің бұл да бір қулығы деп дабыл қағып тұрады. Енді кейбірі ғарыш айлағы, жер кіндігі, біздің мақтанышымыз деген пікір білдіріп жатады.Қаншама келтірілген деректерге нақты дәлел жоқ. Тек естіген, ойдан шығарылған әңгімелердің етегінде жүрген халықтың сөзі ғана. Ендіше, байыбына жетіп, рас және жал…