Ядролық қарусыз әлем және заманауи қауіпсіздік
Қазақстан қазіргі заманның өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымына да дәл осындай мәртебемен енді.Кезінде Қазақстан әлемдегі төртінші ядролық арсеналға иелік етті, ол Франция, Ұлыбритания және Қытайдың сол кездегі ядролық күштерін қоса алғандағы әлеуеттен де артық болатын.Батыс елдерінің басшылары елімізге ядролық қарудан бас тарту жайлы ұсыныс жасағанда, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында бүкіл бір халықтың тағдырын шешетін таңдау тұрды. Мұндай қуатты әлеуеттен бас тарту үшін де үлкен саяси ерік-жігер керек еді.1991 жылы қабылданған салихалы шешімнің арқасында Семей ядролық сынақ алаңы жабылды. Тағдыршешті таңдау Қазақстан Республикасына үлкен бедел…