Тәуелсіздік -елімнің басты байлығы
Тәуелсіздік - тұман ішінен аршып алған тәңір сыйы. Адамзат аңсаған құзар шыңның басындағы тәтті жеміс. Осы жолда азаттыққа қол созған талай тағдырдың табаны тайғақ келді. Талайлар мұз құрсауға түсіп мертікті. Қан майданда от кешті, көкірегін от тесті. Заман ағымы саусақ шайнатып, жүйке қайнатқан сәттер де болды. Бірақ шың басындағы әлгі жеміске деген аңсарлық сезім бір сәт дамылдаған жоқ. Себебі, біреудің боданында жүріп бүйірің шықпасы анық еді. Патша сарайында қалтырап күнелткеннен, жыртық үйдің ауасымен тыныстаған әлдеқайда жақсы. Тәтті жеміс дегеніміз сол - тәуелсіздік тынысы болатын. Бұл жеміске жетер жолда қалмақтар қақпан құрды, жоңғарлар шаптан тістеді. Әйтеуір қойдан момын қазақтың аңғалдығы арманына жүк болды. Анталаған жау қабырғамызды қайыстырып, рух діңгегін майыстыруға талпы…