Мазмұнға өту

Жаңа

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жеткілікті

Қала тұрғындары бір жылда 500 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұтынады.Қазір шаһар аумағында халық жиі тұтынатын өнімдерден тапшылық байқалмайды. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы да бақылауда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптылармен «Meir-Trade Dirstibution Company» ЖШС-де болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар қоймасының жұмысын қадағалады.Көтерме сауда қызметімен айналысатын ірі дистрибьютор - «Meir-Trade Dirstibution Company» серіктестігінің қоймасы 2 600 шаршы метрді алып жатыр. 2013 жылы іске қосылған нысанда қазір 100 адам жұмыс істейді. Қоймада қант, ұн, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, тұз, макарон және кондитерлік өнімдер сақталады.Тұрғындар бүгінде ұн, нан, рожки, күн…

0
0
275

Шымкентте этномедиацияны дамытуға қатысты семинар-тренинг өткізіліп жатыр

Шымкент қаласында «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен этномедиацияны дамыту мәселесі тақырыбында семинар-тренинг басталды.Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев іс-шараға қатысып, этномедиацияның маңыздылығына тоқталды.– Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асып отырған этносаралық медиация аясындағы басқосу Шымкент қаласында екінші рет ұйымдастырылып отыр. Қатысушылар семинар-тренингте этносаралық қақтығыстарды реттеу кезінде келіссөз жүргізуді үйреніп, дауды сотқа жеткізбей, татуластырудың әдіс-тәсілдерін меңгереді. Қазіргі кезде Шымкент қаласында 4 медиация орталығы бар. Маманданған медиация орталықтары мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында өзара ықпалдастық байланыстары орнатылған. Осы орталықтарды…

0
0
173

Абай облысында әлеуметтік мәселелерді шешуге қолдау көрсетілді

Облыста 2030 жылға дейін халық табысын арттырудың өңірлік бағдарламасы қабылданды. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі мәлімдеді.Жыл басынан бері 4651 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, оның ішінде 1847 отбасы көп балалы. Кәсіпкерлік бастама аясында жастарға 2,5% шағын несие беру жұмысы да басталды. Мәселен, 211 шағын несие беріліп, 207 шағын несие төленді.Президент тапсырмасымен мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық заманауи оңалту орталығы ашылды. Облыста 24 481 мүгедектігі бар адам тұрады. Оның 2 905-і – балалар. Бұдан бөлек, оңалту шараларын арттыру және одан әрі бейімдеу, өмір сүру сапасын жақсарту үшін Семей мен Аягөзде 150 орындық екі орталық салуды көзделген.Халықтың әлеуметтік осал тобының тұрғын үй мәселесін шешу үшін жеке т…

0
0
307

Семей қаласын дамытудың бас жоспары әзірленіп жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Семей қаласын дамытудың Бас жоспарын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы ретте Семей қаласының төңірегіндегі 32 елді мекенді дербес облысқа біріктіру жұмысы басталып кетті. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі мәлімдеді.2023 жылға қаланы абаттандыруға, көгалдандыруға 3,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бүгінде қаладағы 70 ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталып, 41 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жөнделіп, 9 тұрғын үйге қабырға суреттері салынды.Сондай-ақ облыста Семей қаласындағы Ертіс өзені арқылы жаңа, төрт жолақты, көпір құрылысы жүріп жатыр, оны 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Аспалы көпірді жапон мамандары тексерді. Қазір жобалық-сметалық құжатамалары әзірленіп жатыр. Айта…

0
0
255

Өңірде жылу және сумен қамтамасыз ету мәселесі басты назарда

Облыста қуаттылығы сағатына 100 Гкал-дан жоғары 4 ірі жылу көзі, сағатына 100 Гкал-дан төмен 40 шағын қазандық және бюджеттік ұйымдардың меншігіндегі 273 автономды қазандық, сондай-ақ жеке меншікте 5 қазандық бар. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі мәлімдеді.Дегенмен, бұл саладағы басты мәселенің бірі – жылу желілерінің тозуы. Облыстағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 464,5 шақырымды құраса, бұл желілердің орташа тозу деңгейі 68%. 279 шақырымға жуық жылу желісі қайта құруды қажет етеді. Биыл 24 млрд теңгеге жылу желілері мен көздерін жөндеу, қайта жаңғырту мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілді.Сондай-ақ ЖЭО-3 құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр, жұмысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жоспарланған жылу қуаты…

0
0
224

Абай облысында құрылыс жұмысы қызу жүріп жатыр

Облыста оқушы орын тапшылығын азайту үшін «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2025 жылға дейін 5700 орындық 11 мектеп салынады. Жобаны 2023 жылы жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 8 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі мәлімдеді.Қазіргі таңда Семей қаласының әртүрлі ауданында: Қарағайлы шағын ауданында 1200 орындық, Водный кентінде 600 орындық, Ақсуат ауылында 300 орындық 5 мектептің, Бесқарағай ауылында 300 орындық, ал Аягөз қаласының «Ет комбинаты» шағын ауданында 600 орындық мектеп құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 2025 жылға дейін Білім беру инфрақұрылымын қолдау Қорының қаражаты есебінен 6 шағын мектеп, және жұмыс істеп тұрған мектептерге 6 қосымша құрылыс салынатын болады.Балаларды қосымша…

0
0
241

Облыста 2027 жылға дейін 102 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған

Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспары Үкіметтің қаулысымен бекітілді. Онда жалпы инвестиция көлемі 1,9 трлн теңгені құрайтын 102 іс-шара қарастырылған. Биыл 89,2 млрд теңгеге 45 іс – шараны іске асыру жоспарланған. Тиісті жұмыстар басталды. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі мәлімдеді.Қазіргі таңда «ARX Minerals» ЖШС Берқара кен орны базасында руда өндіру және катодты мыс өңдеу зауытын, «Muhit Agro» ЖШС тұрақты суару алаңының инфрақұрылымын, Бесқарағай ауданындағы «Мукинов» шаруа қожалығында 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңын, сондай-ақ Көкпекті ауданындағы «Елімай» ЖШС-нің 1543 га алқапты суару жүйелерін салу жобасы іске асырылды. Ақсуат ауданындағы «Жанса…

0
0
322

Шымкент әкімі қаладағы мектептердің жай-күйімен танысты

Үшінші мегаполистің білім ошақтарындағы мәселелер басты назарда.Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қ. Сыпатаев атындағы № 7 IT мектеп-лицейі мен Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы мектеп-интернаттың жай-күйімен танысты.Мектеп-лицейдің іргетасы 1963 жылы қаланған. Жалпы ауданы 6490.00 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда 2 377 бала екі ауысымда білім алуда. Жобалық қуаты – 1 200 орын, оқу бөлмесі – 42. Екі спорт залы бар, 32 бейнебақылау камерасы орнатылған. Бүгінде күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленгенімен, өрт қауіпсіздігінің талаптарына сай келмеуіне байланысты мемлекеттік сараптамадан өтпей тұр.Негізі, бұл білім ошағы IT мектеп-лицейі статусына 2020 жылы ие болған. Бүгінде оның түлектері Қазақстанның, Қытайдың, Ресейдің жоғары оқу о…

0
0
206

Шымкентте жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

Су жаңа өрт сөндіру депосы соңғы үлгідегі заманауи техникалармен жабдықталған.Шымкент қаласындағы әкімшілік іскерлік орталығында ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов және қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен жаңадан салынған өрт сөндіру депосының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.Салтанатты ашылу рәсімінде Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы құттықтау сөз сөйледі.«Сіздерді бүгінгі қызмет бабындағы жаңа қоныстарыңызбен құттықтаймын! Азаматтық қорғау саласы қызметкерлері үшін ең басты міндет – құтқару, көмектесу, қорғау, яғни өзгенің өміріне үлкен жауапкершілікпен қарап, оны қауіптен аман алып қалу. Бұл – жоғары әрі жауапты миссия. Құрметті бейбіт күннің батырлары! Сіздер өз қызметтік парыздарыңызды абыроймен атқар…

0
0
267

Шымкентте мал шаруашылығын дамытуға миллиардтан астам теңге қаралған

Ауыл шаруашылығы саласында 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ.Шымкент қаласында биыл мал шаруашылығы саласын дамытуға мемлекеттен 1071,7 миллион теңге қаржы қаралған. Осы қаражаттың 209,4 миллион теңгесі жем-шөпке бағытталған. Бұл жайында қаланың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров хабарлады.Шаһарда асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мен өнімділігін арттыруға субсидия асыл тұқымды малға, селекциялық асылдандыруға, өндірілген өнім мен жем-шөп шығындарының бір бөлігін өтеу үшін беріледі. Бұл бойынша нақты норматив бекітілген.– Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану арқылы биыл «Эгамназаров» шаруа қожалығы Дания елінен 104, «Бәйтереков» шаруа қожалығы 34 сүтті бағыттағы ірі қараның «Гольштейн», «Джерси» және «Қызыл Даттық» тұқымдарының аналық басы…

0
0
218