Жас кәсіпкерлер 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиенің игілігін көріп отыр
Шымкент қаласында жеке кәсібін ашып, бизнесін дамытқысы келетін жас кәсіпкерлерге арналған шағын несие қаражаты толық игеріліп бітуге таяу.Бүгінгі таңға 462 өтінім қаралып, 262 азамат комиссияның оң шешімін алды. Бұл туралы жеңілдетілген несие беру бойынша кезекті комиссия отырысында мәлім болды. Жобалары мақұлданған азаматтардың басым көпшілігі өз кәсіптерін ашып, табыс табуда.Бұған мемлекет барынша жағдай жасап отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлікті, оның ішінде жас кәсіпкерлерді қолдауға үнемі мән беріп келеді. Мемлекет басшысы 2022 жылғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа жолдауында «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынас түбегейлі өзгертіліп, мемлекет ең алдымен бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнататынын айта келіп, жаста…