Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Павлодар облысының әкімі кеніш маңындағы іздестіру шарасынан бейнеролик жариялады

Павлодар облысында «Майқайың-алтын» АҚ кенішінің маңында жер опырылып соған түсіп кеткен автобустың іздестіріліп жатқанына бүгін екінші күн. Бұрын хабарлағанымыздай, автобуста екі адам қалып қойған.

Облыс әкімі Асайын Байханов Instagram-дағы жеке парақшасында (https://www.instagram.com/asaiyn.baikhan/) құтқару оқиға орнындағы құтқару шарасы барысынан видео жариялады. Онда кинологтар мен иттердің шұңқырға түсіп, оқиға орнын қарап жатқаны көрсетілген. Мұндағы құтқарушылар өте қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатыр.

«Оқиға орнында менімен бірге ТЖ вице-министрі және басқа да қызметтер бар. Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеуде, өйткені, құлау шекаралары тұрақсыз, әлі де пайда болған шұңқырда тастар мен топырақтың сырғуы жүруде. Барлығы 116 адам, 23 техника жұмылдырылды. Бүгін таңғы сағат 06:00-де Астана қаласы ТЖД кинологтар бригадасы келіп, бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Қаза тапқан және жоғалған құтқарушылардың отбасыларына «Майқайың-алтын» АҚ және КӘАҚҚ РОШ-нан әрбір отбасына 4.5 млн теңгеден астам мөлшерде материалдық көмек көрсетілетін болады. Мемлекет тарапынан қаза тапқан жандардың отбасыларына асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалады. Қаза болған екі құтқарушының отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың иманы саламат болсын», - деп жазған әкім. Іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

0
0
955

Осы тақырып бойынша

Павлодар облысының әкімі кеніш маңындағы іздестіру шарасынан бейнеролик жариялады - Yvision.kz