Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«20 мың үшін не тасып жүргенімді қараңдаршы». Қарағандылық аула жинаушы жанайқайын жеткізді

Ғаламторда Қарағанды қаласының Майқұдық ықшамауданындағы аула жинаушының жанайқайын жеткізген видеосы тарады.

Фото (иллюстрациялық): Musorish.ru

Ол осы жұмысы үшін айына бар болғаны 20 000 теңге алады екен. Оның үстіне мұнда оның еңбегін бағаламайтындар көп. Олар қоқыстарын арнайы бакқа апарып тастауға ерініп, үйдің алдындағы кішкентай контейнерлерге тастап кете береді. Ал олар аузы-мұрнынан асып төгіліп жатыр.

Соның бәрін видеодағы әйел үлкен пакетке жинап алып арқалап жүреді. Ол осы жағдайға қатты налып отыр.

«20 мың үшін не тасып жүргенімді қараңдаршы. Аула жинаушы жұмыс істемейді дейсіңдер. Егер біз жұмыс істемесек, не болар еді?! Қаның қайнайды. Айына 20 мың үшін діңкелеп жүргенім осы. Сосын 100 мыңға укол салдырамын. Аула жинаушы жаман дейсіңдер», – деп ашына сөйлейді видеодағы әйел.

0
0
238

Осы тақырып бойынша

«20 мың үшін не тасып жүргенімді қараңдаршы». Қарағандылық аула жинаушы жанайқайын жеткізді - Yvision.kz