Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Еліміздегі банктер телефон алаяқтарымен күресу жолдарын ұсынбақ

Қазақстанда 2023 жылы алаяқтық мақсатпен шетелден жергілікті нөмір кейпімен шалынған 43,5 миллион қоңырау бұғатталған. Бұл туралы белгілі қаржылық шолушы Ербол Азанбек мәлімдеді.

Фото: Cnews.ru

Ол Facebook-те жариялаған жазбасында былтыр телефон алаяқтарымен күресте негізгі істің бірі осы – шетелдік алаяқтардың қоңырауын бұғаттау болғанын айтқан.

«2022 жылы шетелдік алаяқтардың негізгі құралы - қоңырау шалып, тэнгэ деп тұратын. 2023-те ол мүмкіндіктен айырылған соң, уатсап арқылы қоңырау шалу, жазуға көшті. Бірақ ол тәсілдері аузы күйген адамдарға өтпеді», – дейді Ербол Азанбек.

Сондай-ақ, сарапшы биыл жекелеген банктердің мұндай әрекетпен күресудің өзіндік жолдарын ұсынуы мүмкін екенін айтады. Бұл жерде, әрине, тұрғындардың өздері де абай болуы керек.

«2024 жыл шетелдік қаржы алаяқтарының әрекетіне, түбегейлі десе де болады, тосқауыл қойылатын шығар. Фишинг, түрлі сайттар арқылы бір-екі жағдайлар болуы мүмкін. БІрақ адамдар жеке деректеріне абай болса, кодты жібермеу сынды қарапайым сақтық шараларын білсе, жеткілікті», – дейді ол.

0
0
507

Осы тақырып бойынша