80 жастағы кейуана үйінді астында 3 тәулік жатқан
Жапонияда жер сілкінісінен кейінге іздестіру-құтқару шаралары жалғасып жатыр.

Мұндайда үлкен қасіретпен қоса қызық жайттардың да болып тұратыны бар. Мысалы, бірнеше күн, тіпті бірнеше аптадан кейін адамдар үйінді астынан аман-есен табылып жатады.
Жапонияда да сондай жағдай болды. Құтқарушылар жер сілкінісі салдарынан құлаған үйінің астында қалған 80 жастағы кейуананы 72 сағаттан кейін үйінді астынан алып шықты. Сарапшылар бұл үш тәулікті «мүмкіндік терезесі» деп отыр. Олардың ойынша, енді бұл «терезе жабылып», тірі қалуға деген үміт азая бастайды. Бірақ бірнеше аптадан кейін де аман табылып жатқандар бар екенін де айта кетуіміз керек.
Жапонияда 7,6 балдық жойқын жер сілкінісі жаңа жылдың алғашқы болған еді. Содан бері 200-ден астам адам із-түссіз жоғалып кеткен. Ал қаза тапқандар саны 100-ден асты.
Euronews.com
