Мазмұнға өту

Жаңа

Қостанайдың бүгінгі жағдайы (видео)

Қостанай қазір төмендегі видеолардағыдай болып тұр. Бұл бейнежазбаларды «Sputnik Қазақстан» (https://t.me/sputnikKZ) телеграм-арнасының оқырмандары су басқан аумақтан жіберіпті.

Қостанай облысында Тобыл өзенінің деңгейі күрт көтеріліп кеткен. Бүгін оның тереңдігі 825 см-ге дейін жетуі мүмкін. Ал ең жоғары көрсеткіш – 600 см. Сосын су деңгейі төмендейді деп күтілуде.   

Бұл аумақтан 4 мың адам, соның ішінде мыңнан аса бала қауіпсіз жерге шығарылған.

0
0
291

Су басқан өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай толық бақылауда тұр

Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар кешенін жүргізу үшін санитарлық-гигиеналық қызметтен 900-ге жуық маман жұмылдырылды.Мамандар бұл тұрғыда жағдайдың қалыпты екенін айтады. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың хабарлауынша, он өңірде халықтың денсаулығын сақтау мәселесін, оның ішінде дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап, жүкті әйелдердің, балалар мен қарттардың жағдайына ерекше назар аударылған. Медицина қызметкерлері құтқарушылармен және басқа да шұғыл қызметтермен қатар барлық мұқтаж жанға медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, күшейтілген режимде жұмыс істейді.«Осынау қиын кезеңде жергілікті төтенше жағдай жарияланған он өңірде 3 мыңға жуық медицина қызме…

0
0
326

Прокурорлар су тасқынына қатысты тергеу жүргізе бастады

Прокуратура органдары су тасқынына байланысты тергеу жүргізуге кірісіп жатыр. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Фото: gov.kzПрокурорлар нақты елді мекендерді су басу, жолдардың, көпірлердің, гидротехникалық және басқа да нысандардың қирау себептерін анықтамақ."Атап айтқанда, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы, су тасқынының алдын алу жөніндегі жоспарлардың уақтылығы мен толықтығы зерттелуде. Қорытындысы бойынша әрбір уәкілетті органның қызметіне тиісті құқықтық баға берілетін болады", - делінген қадағалаушы органның хабарламасында.Қазір прокурорлар Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарында сотқа дейінгі 4 тергеп-тексеруді бастаған. Олардың жергілікті жерлердегі жерлердегі әріптестері құқық қорғау органдарының заңдылық пен құқықтық тәртіп режимін қамтамасыз ету…

0
0
296

Су басқан Жылыой өңірінен 28 жарым мыңнан аса адам құтқарылды

Құтқарушылар Құлсары қаласының тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр.
undefined
Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар тұрғындар мен олардың үй жануарларын эвакуациялауға көмек көрсетті.
Осы сағатта Жылыой ауданында 28 501 тұрғын, оның ішінде 6 781 бала эвакуацияланған.

0
0
382

Бағлан Әбдірайымов қымбат көлігін сыйлық ретінде беретін бағы бар жігіт кім?

Белгілі әнші, актер, продюсер Бағлан Әбдірайымов өзінің қымбат BMV-сын кез-келген бір жігітке жәйдан-жәй сыйлай саламын деп отыр. Бұл туралы ол әлеуметтік желіге жазған.«Мен мынандай бір шешімге келдім. Өзімнің бірнеше жылдан мініп жүрген қара сәйгүлігімді себепсізден-себепсіз бір жігітке сыйлағым келіп тұр. Бұны сатып, өзімнің қажетіме жаратсам да болар еді. Неше түрлі гифт жасап жатыр, неше түрлі ойындар ойнатып жатыр. Оның барлығын жасасам да болар еді. Бірақ оны жасамаймын. Жәй сыйлық ретінде бір жігітке бергім келіп тұр. Есенқұл Жақыпбек «Семірген сайын тауықтың арты тар болады» деп айтады. «Жомарттың қолын жоқтық байлайды» деген де қазақтың әдемі сөзі бар. Жоқтықтан құдай сақтасын. Барымызбен қазір бөлісе аламыз ба, нәпсіміз көтере ала ма, осы сұрақты өзімізге қойып, соған біз тәуек…

0
0
614

Бюджет қаражаты жымқырылды

Бюджет қаражатының жұмсалуы саласына жүргізілген талдау мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуын анықтады.Атап айтқанда, «Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің жауапты қызметкерлері заң талаптарына қайшы түрде, су құбырын күрделі жөндеу бойынша 625 млн теңгеге мемлекеттік сатып алуды жобалық-сметалық құжаттамасыз және сараптамалық қорытындысыз өткізген.Тағы бір жағдайда, «Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ 75,2 млн теңге сомасына ластаушы заттардың шығарындыларының мөлшерін өлшеуге арналған жабдықтар мен аспаптарды сатып алуды негізсіз жоспарлаған, бұл ретте шығарындыларды өлшеу аталған мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатпайды.Қабылданған шар…

0
0
377

Олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен боксшыға берілетін сыйақы мөлшері айтылды

Қазақстан бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған боксшылар мен олардың жаттықтырушыларына арнап, ауызашар ұйымдастырды.Бұл жәй ауызашардағы фотоСондай-ақ, жақында Италияда өткен Әлемдік іріктеу турнирінде лицензия жеңіп алған боксшылар мен Ұлттық құраманың бапкерлер алқасы қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Боксшыларға 20 000 АҚШ долларынан табысталса, бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 10 000 доллар берілді. Бұдан бөлек, Ұлттық құрамамыздың жаттықтырушылары да сыйақыға ие болды.Сонымен қатар, жиында Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері де жарияланды:🔹1-орын: 220 000 $🔹2-орын: 120 000 $🔹3-орын: 70 000 $🔹4-орын: 30 000 $🔹5-орын: 10 000 $Ал бас бапкер мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы…

0
0
373

Алматыдағы мектепте бюджет қаржысы жымқырылған

Алмалы ауданының прокуратурасы мектептердің бірін тексеру барысында негізсіз жалақы есептеу жолымен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасындағылар хабарлады.

2019 жылдың қаңтар айынан 2023 жылдың тамыз айына дейінгі кезеңде мемлекеттік қаражатты жымқыру мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, бас бухгалтер және директордың шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары мемлекеттік бюджеттен төлемдерді негізсіз төледі.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке 11 млн. теңге көлемінде залал келтірілді.

Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді.

Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.

0
0
642

29 адамды коттеджде қамауда ұстап, оларға несие алдырған

Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды ұрлаумен және заңсыз бас бостандығынан айырумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Күдіктілер жәбірленушілерді алдап, оларға қайтарымсыз несие рәсімдеткен. Арнайы жалға алынған коттеджде қамауда ұсталған 29 адам анықталды. Оларға келтірілген шығын 200 млн теңгеден асады. "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі мен жинақталған дәлелдемелер жиынтығы бойынша күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, оны басқарып, қатысқаны үшін екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың барлық жеті мүшесі ұсталып, қамаққа алынды. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа да ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды", – деді департамент…

0
0
619

ҰҚК Ақтауда лаңкестік әрекеттің алдын алды

2024 жылғы 1 сәуірде Ақтау қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризм актісіне дайындалу күдігі бойынша жергілікті тұрғынды ұстады.

Оның тұрғылықты жерінде тінту барысында зақымдайтын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Ол бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған, радикалды діни идеологияны ұстанушы болып табылады. Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. ҰҚК баспасөз қызметі

0
0
421