Қостанайдың бүгінгі жағдайы (видео)
Қостанай қазір төмендегі видеолардағыдай болып тұр. Бұл бейнежазбаларды «Sputnik Қазақстан» (https://t.me/sputnikKZ) телеграм-арнасының оқырмандары су басқан аумақтан жіберіпті.
Қостанай облысында Тобыл өзенінің деңгейі күрт көтеріліп кеткен. Бүгін оның тереңдігі 825 см-ге дейін жетуі мүмкін. Ал ең жоғары көрсеткіш – 600 см. Сосын су деңгейі төмендейді деп күтілуде.
Бұл аумақтан 4 мың адам, соның ішінде мыңнан аса бала қауіпсіз жерге шығарылған.
