Мазмұнға өту

Жаңа

Тоқаев тасқыннан зардап шеккен облыстардың басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті.
undefined
Фото: akorda.kz

Аталған облыстардың әкімдері Президентке өңірлердегі ахуал жайында, табиғи апатпен күресу және су тасқынының зардаптарын жою үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді.
Аймақ басшыларының айтуынша, жалпы жағдай жіті бақылауда, табиғи апатпен күресу үшін адам күші де, техника да жеткілікті.
Президенттің тапсырмасымен Республикалық штабқа жетекшілік ететін Премьер-Министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет мүшелері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберілген болатын. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың керек-жарағын шешу бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.

t.me/aqorda_resmi

0
0
352

СҚО-да алдын ала эвакуациялау жүргізілді

Солүстік Қазақстан облысының Есіл ауданындағы Николаевка, Бірлік ауылдарында және Шал ақын ауданындағы Қаратал ауылында Есіл өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады.
ТЖД және ЖАО күштері арқылы шамамен 40 адам және 15-ке жуық техника 105-ке жуық адамды, оның ішінде 37 баланы алдын ала эвакуациялап, туыстары мен эвакопунктке орналастырылды. Ал 57 ауыл шауашылығы жануары қауіпсіз жерге айдалды.

0
0
341

Желіде дегелектің ұясын бұзғандардың видеосы жұрттың көзіне жас алдырды

Әлеуметтік желіде дегелектің ұясын бұзғандардың бейнежазбасы тарады.Видеодан өрт сөндірушілердің электр бағанасының басындағы құстың ұясына су шашып жатқанын көресіз. Содан ұя жерге шашылып түскеннен кейін оған дегелек ұшып келе жатады. Оның жоқ екенін көрген кезде құстың аузынан шөбі түсіп қалады. Сосын дегелек ұясының орнында аспанға қарап біраз тұрады. Мұндай жүрек шымырлатар бейнежазбаны көрген желі қолданушылары киелі құсқа обал екенін айтып жатыр. Көбі тіпті еріксіз көзіне жас алыпты. Бірақ бұл жағдайдың арты жақсы болған екен. Кейінірек пайда болған екінші видеода дегелектің ұясы тура сол орында тұрады. Сөйтсе, құтқарушылар құстардың қауіпсіздігін ойлаған екен. Олар тура электр сымына жабысып тұрған ұяны бұзып, жаңасын тура сол жерге жоғарырақ орнатып, дегелектерге қауіпсіз жағдай…

0
0
1214

Атырау облысында білім беру мекемелері қашықтан оқытуға көшеді

Атырау облысында мектептер мен колледждердің барлығында сабақ онлайн форматта өткізіледі. Балабақшалардағы жұмыс та осындай режимге көшеді. 

undefined

Көрнекі фото: egemen.kz

Атырау облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы орта білім беретін 204 мектеп, 24 колледж, 334 балабақша бар. 

«Мектептердің 204-і мемлекеттік, ал, 20-сы жекеменшіктің иелігімен ашылған. Төтенше жағдай жариялануына байланысты 8 сәуірден бастап барлық білім беру мекемесі онлайн режимге көшеді. Өңірдегі колледждерде де сабақ онлайн форматта өтеді. Ал балабақшалар қашықтан жұмыс істейді», - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, бүгін Атырау облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. 

kaz.inform.kz

0
0
338

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Олимпиадаға қатыспайды

undefined

Талай жыл ауыр атлетикаға легионер тарттық. Біразын дәрімен көтердік. Ақша оңды-солды шашылды. Топырлатып алтындар алдық. Кейін оның бәрін қайтарып бердік.
Енді не болды?
Тарихта алғаш рет ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Олимпиадаға қатыспайтын болды.

Бек Төлеудің жазбасы

0
0
316

Қазақ ертең шығынын қайтарамын деп шырылдайтын болды

undefined

Шудың көкесі су тасқыны біткеннен кейін басталады. Біздің қазақ тірнектеп тапқанын үйіне жапсырады. Ішіп-жемей, көрмей қалуға бар, бірақ жарқыраған жиһаз, люстраның қымбатын алады, жиған-тергенін ремонтқа жұмсайды. Соңында бәрін су шайып кетті. Ол қалай өтеледі, қалай есептеледі?

Және ауылдағы ағайын қора түгілі үйін де рәсімдемей жүре береді. Оны қалай дәлелдейді?

Өткенде жылқы қырылғанда әкімдік пен халықтың есебі екітүрлі болды ғой. Себебі қарапайым жұрт сақтандыру түгілі қорадағы малын чиптеп, түгендеп жүрмейді.

Ертең шығын өтелерде, қанша тауығы, қанша малы бар екенін қалай анықтайды?

Халық қазір ашынып тұр. Өтемақы төлеу, құрылыс, көмек беру бәрі әділетті болуы керек. Бір жолын таппаса айқайдың көкесі сонда болады.

Гүлбану Әниятқызының жазбасы

0
0
316

Атырау облысында суға батып, жоғалып кеткен адамдар табылды

Бүгін 7 сәуір күні Атырау облысында таңғы сағат 11 шамасында ТЖД құтқарушылары екі адамның денелері табылды.

undefined

Кеше Жылыой ауданының Құлсары қаласында 1974 жылы туған ер адам досымен бірге рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен бара жатқанда, жолдан шығып аударылған еді.
Сода оларды Іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 3 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.

https://t.me/qr_tjm

0
0
411

Алматыда жер сілкінді

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 7 сәуірде Алматы уақытымен 13-46 сағ.жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 460 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.5
MPV магнитудасы 5.3
Эпицентрдің координаттары 41.65°. 82.09° Тереңдігі 20 шақырым.(МЅК-64 шкаласы бойынша) Алматыда 2 балл сезілді.

https://t.me/qr_tjm

0
0
285

Бектенов Құлсарыға барып, өңірдегі жағдайды тікұшақпен бақылады

Премьер-министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Атырау облысындағы қазіргі жағдайды тексерді. Ол аумақты тікұшақпен аралап, өзен жағалауларын нығайту жұмыстарының барысын қарады.Олжас Бектенов Құлсары қаласының тұрғындарымен сөйлесіп, олардың қабылданып жатқан шараларды күшейту бойынша сұрақтарына жауап берді.Сондай-ақ Жайық және Жем өзендеріндегі жағдаймен танысты. Жылыой және Қызылқоға аудандарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталып отыр. Бүгінде Қызылқоға ауданындағы Миялы, Аққора, Жангелдин, Жасқайрат және Көздіқара ауылдарында қауіп-қатер сейілді.Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жағынан Жем өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданы Құлсары қаласын су б…

0
0
349