Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Су басқан өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай толық бақылауда тұр

Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар кешенін жүргізу үшін санитарлық-гигиеналық қызметтен 900-ге жуық маман жұмылдырылды.
undefined
Мамандар бұл тұрғыда жағдайдың қалыпты екенін айтады.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың хабарлауынша, он өңірде халықтың денсаулығын сақтау мәселесін, оның ішінде дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап, жүкті әйелдердің, балалар мен қарттардың жағдайына ерекше назар аударылған.

Медицина қызметкерлері құтқарушылармен және басқа да шұғыл қызметтермен қатар барлық мұқтаж жанға медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, күшейтілген режимде жұмыс істейді.
«Осынау қиын кезеңде жергілікті төтенше жағдай жарияланған он өңірде 3 мыңға жуық медицина қызметкері өздерінің ең маңызды миссиясын - азаматтарымызға медициналық көмек көрсетуді және олардың денсаулығын сақтауды жалғастырып жатқанын ерекше атап өткім келеді. Су басқан аумақтарда 300-ге жуық жедел медициналық бригада жұмыс істеуде»,- дейді Ақмарал Әлназарова.
Министрдің айуынша, күйзеліс, қобалжу және мазасызданған тұрғындар арнайы мамандардың білікті психологиялық көмегіне жүгіне алады.

https://t.me/DenMinPR

0
0
257

Осы тақырып бойынша