Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Прокурорлар су тасқынына қатысты тергеу жүргізе бастады

Прокуратура органдары су тасқынына байланысты тергеу жүргізуге кірісіп жатыр. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

undefined

Фото: gov.kz

Прокурорлар нақты елді мекендерді су басу, жолдардың, көпірлердің, гидротехникалық және басқа да нысандардың қирау себептерін анықтамақ.

"Атап айтқанда, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы, су тасқынының алдын алу жөніндегі жоспарлардың уақтылығы мен толықтығы зерттелуде. Қорытындысы бойынша әрбір уәкілетті органның қызметіне тиісті құқықтық баға берілетін болады", - делінген қадағалаушы органның хабарламасында.

Қазір прокурорлар Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарында сотқа дейінгі 4 тергеп-тексеруді бастаған. Олардың жергілікті жерлердегі жерлердегі әріптестері құқық қорғау органдарының заңдылық пен құқықтық тәртіп режимін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіреді.

"Проблемалық учаскелерді қоршау және патрульдеу, азаматтардың мүлкін қорғау қамтамасыз етілген. Осы қиын кезеңде азаматтарды дүрбелеңге түспеуге шақырамыз, әрбір зардап шеккен отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес толық көлемде көмек көрсетіледі. Бұл мәселе прокуратура органдарының тұрақты бақылауында", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

0
0
258

Осы тақырып бойынша

Прокурорлар су тасқынына қатысты тергеу жүргізе бастады - Yvision.kz