Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Бағлан Әбдірайымов қымбат көлігін сыйлық ретінде беретін бағы бар жігіт кім?

Белгілі әнші, актер, продюсер Бағлан Әбдірайымов өзінің қымбат BMV-сын кез-келген бір жігітке жәйдан-жәй сыйлай саламын деп отыр. Бұл туралы ол әлеуметтік желіге жазған.

undefined

«Мен мынандай бір шешімге келдім. Өзімнің бірнеше жылдан мініп жүрген қара сәйгүлігімді себепсізден-себепсіз бір жігітке сыйлағым келіп тұр. Бұны сатып, өзімнің қажетіме жаратсам да болар еді. Неше түрлі гифт жасап жатыр, неше түрлі ойындар ойнатып жатыр. Оның барлығын жасасам да болар еді. Бірақ оны жасамаймын. Жәй сыйлық ретінде бір жігітке бергім келіп тұр. Есенқұл Жақыпбек «Семірген сайын тауықтың арты тар болады» деп айтады. «Жомарттың қолын жоқтық байлайды» деген де қазақтың әдемі сөзі бар. Жоқтықтан құдай сақтасын. Барымызбен қазір бөлісе аламыз ба, нәпсіміз көтере ала ма, осы сұрақты өзімізге қойып, соған біз тәуекел еттік», – дейді әнші әлеуметтік желіге салған видеосында.

Бағлан Әбдірайымов мұны сол сыйлайтын көлігін жүргізіп отырып айтып келе жатыр. Уақытына қарасақ, оның видеоны бүгін сәресіні ішіп бола салып жүктегені байқалады.

Сондай-ақ әнші видеоның астына жазба қалдырыпты.

«Дұрыс па? Бұрыс па? Оны бір АЛЛА біледі.

Қай жігіт? Не үшін бергетінімді кешке білетін боласыздар!» – делінген жазбада.  

0
0
569

Осы тақырып бойынша