Yvision.kz
ru
Қылмыс пен жаза
87 жазбалар2 тіркелуші
0
06:25, 06 мамыр 2024

Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты

Әйелін өлтірді деп айыпталып жатқан экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев бүгін соттағы соңғы сөзін алқабилерге арнады.

undefined

Ол соттың алқабилермен өтуін өзі қалағанын жеткізді.

«Бұл мен үшін оңай таңдау болған жоқ. Елімізде бұл істі білмейтін адам қалған жоқ. Әлеуметтік желілерде пиар компаниялар, мені жеккөрінішті етіп көрсету, істі бұрмалау, мені және менің отбасымды қаралау науқаны жүргеніне қарап кез-келген алқабидің маған қарсы екенінен қауіптенемін. Соған қарамастан мен және менің қорғаушыларым ашық алқабилер сотына жүгіндік. Менде тек бір мақсат болды. Ең құрығанда 10 адамға сол қайғылы түн туралы шындықты дәлелдеу, Салтанат екеуміздің қарым-қатынасмыз қандай болғаны туралы айту», - деді айыпталушы.

0
325
0