Тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Түркістан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты. Жаңажол ауылында 3 жылдан бері мүлде қылмыс тіркелмеген.

Төлеби ауданы Бірінші мамыр ауылдық округіне қарасты Жаңажол ауылында тұрғын саны 2500-ден асады. Бір-біріне деген сый-құрметі артқан ауылда 6 азық-түлік дүкені бар. Қуанышты жаңалық осы, алдағы уақытта аталған дүкендердің сөресінде арақ-шарап сатылмайды. Өйткені ауыл тұрғындары ішімдіктен мүлдем бас тартты.
Polisia.kz