Бишімбаевқа қатысты сотта прокурор Абайдың сөзін тереңірек оқу керектігін айтты
Қуандық Бишімбаевтың сотында жарыссөз жалғасып жатыр.

Прокурор Айжан Аймағанова бұған дейін сотталушы Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы өз сөзінде келтірген Абайдың "Қара сөздерінен" үзінді "контекстен үзіп алынған" деп мәлімдеді.
"Абайдың үшінші сөзіне келсек. Десе де қорғаушы тарап контекстен үзіп алған, өйткені Абайдың "Қара сөздерін" түгел оқысаң, мағынасы мүлде басқа. Және Абайды тереңірек оқу керек. Құрметті сот! Мен көп нәрсені айтқым келеді, бірақ бұл ескерту болғандықтан, бұл қысқаша қарсылығымыз", - деді Аймағанова.
