Мазмұнға өту

Жаңа

Алматыда жер үй өртенді

Алматылық өрт сөндірушілер жер үйдегі өртті сөндірді.
undefined
Алматыда жеке тұрғын үйдің шатыры жанып, шаруашылық құрылысқа көшті.
Өрт сөндірушілердің күшімен жалпы ауданы 150 шаршы метрдегі өрт 46 минут ішінде сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

https://t.me/qr_tjm

0
0
496

Президент әскердің жағдайымен танысты

Мемлекет басшысына Қарулы Күштердің, басқа да әскери құрамалардың ұшақтары мен тікұшақтарының, жауынгерлік және арнаулы техникаларының жаңа үлгілері таныстырылды.

undefined

Қасым-Жомарт Тоқаев авиабазадағы бірқатар инфрақұрылымдық нысанды аралап көрді. Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов жауынгерлік тапсырмаларды өз деңгейінде орындау үшін базада барлық жағдай жасалғанын мәлімдеді.

Президент әскери қалашықтың Даңқ залына барып, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Авиабазаның Астана әуе айлағында орналасуы жеке құрам мен техниканы қажет жеріне уақытылы жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ әуеден барлау жүргізу, зардап шеккендерді эвакуациялау кезінде Ұлттық ұланның бөлімшелеріне авиациялық қолдау көрсетеді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
622

Су тасқынынан зардап шеккен аймақ тұрғындарының коммуналдық төлемі кейінге қалдырылыды

Еліміздің бірқатар аймақтарында су тасқыны жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жалғасуда. Зардап шеккен қазақстандықтарға жан-жақты көмек көрсетілуде.

undefined

ҚР Үкіметі тұтынушылардың коммуналдық төлемдерін төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

​Кейінге қалдыру наурыз және сәуір айларындағы коммуналдық төлемдерді қамтиды. Төлемді тұтынушылар өсімпұлсыз кейінірек жүзеге асыра алады.

Су тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың тізімін (абоненттік нөмірлер) жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын болады.

Бұл тізімдер коммуналдық кәсіпорындарға жіберіледі, олар өз кезегінде коммуналдық төлемдерді кейінге қалдыру бойынша тиісті шараларды қабылдайды.

0
0
517

Ақтөбе облысында қыз іздестіріліп жатыр

Ақтөбе облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы хабар-ошарсыз жоғалған 2007 ж/т кәмелетке толмаған Орынбасарова Аружан Берікқызын іздеуде.

undefined

2 мамырда кәмелетке толмаған бала үйден белгісіз бағытта кетіп қалған.
Белгілері: бойы 140-150 см, дене бітімі - орташа, шашы – ұзын, қара.
Киімі: қара футболка, қара шалбар, ақ кроссовка.

Аталған кәмелетке толмаған туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, полицияның 102 телефонына немесе 8 771 785 1058 телефонына қоңырау шалу сұралады.

https://www.instagram.com/polisia_aqtobe/

0
0
448

Қырғызстанда жүк көлігінің жүріп кетуінен зардап шеккендер саны өсіп жатыр

Қырғызстанда көлік қағып, зардап шеккен адам саны 32-ге жетті.
undefined
Олардың ішінде бір мұғалім де бар. Үш бала ауыр халде жатыр. Мұны осы елдің ішкі істер министрлігі хабарлады. Созақ ауданында «Манас» эпосын айтуға арналған шара кезінде болған оқиғаға байланысты 48 жастағы жүргізуші тұтқындалды.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, ол биік жерге қойып кеткен машина төмен қарай жүріп кетіп, бір топ адамды қаққан. Олардың дені - бала.

Бұл оқиға туралы кеше хабарладық.

0
0
493

Алматы облысында жалған полицей ұсталды

Тәртіп сақшысының киімін киген ер адамның күдікті әрекеттері алдымен әлеуметтік желілерде жарияланған.
undefined
Көп ұзамай Талғар ауданында полиция 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол жанармай құю бекеттерінің біріне полиция формасын киіп барғанын мойындады.

Жауап алу барысында жігіт қаладағы әскери киім дүкендерінің бірінен арнайы форманы сатып алғанын айтты.
Жалған полицей қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Мұндай әрекеттер өз міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан, оларға қатаң түрде тосқауыл қойылады.

https://t.me/POLICE_of_KZ

0
0
529

Ақмола облысында 85 жастағы тұрғын пәтерінде бір тәулік бойы сынықпен жатқан

1939 жылы туған әйел адам құлап, білегін сындырып алған. Бір тәуліктен кейін туыстары пәтерге кіре алмағандықтан ТЖ қызметкерлерін шақырған.

undefined
Ақмолалық құтқарушылар 4-қабаттағы пәтерге автосатының көмегімен терезе арқылы кірді.
Өрт сөндірушілер есікті ішінен ашып әйел адамды жедел жәрдем қызметіне тапсырды.
1939 жылы туған әйел адам құлап, білегін сындырып алған. Бір тәуліктен кейін туыстары пәтерге кіре алмағандықтан ТЖ қызметкерлерін шақырған.
Ақмолалық құтқарушылар 4-қабаттағы пәтерге автосатының көмегімен терезе арқылы кірді.

0
0
381

Жүк көлігі 29 баланы басып өтті (видео)

Қырғызстанда балмұздағы бар жүк көлігі 29 оқушыны басып өтті. Жеті адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Сұмдық оқиға мәдени іс-шара кезінде болған. Бұл кезде оқушылар «Манас» жырынан үзінді оқып жатқан еді.

Машина жоғарыға қойылған. Сосын ол өз-өзінен жүріп кетіпті. Қазір осы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

0
0
566

Бишімбаев Нүкенованы жатырымен ант етуге мәжбүрлеген – марқұмның ағасы

Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында жарыссөз басталды.  Фото: t.me/Jogargy_sot Алдымен судья екінші айыпталушы Бақытжан Байжановқа қатысты «Қылмысты хабарламау» деген баптың алынып тасталғанын мәлімдеді. Енді Байжанов тек қылмысты жасырды деп айыпталады. Өткенде прокурор осындай өтініш жасаған болатын. Судья соны қанағаттандырды.Жарыссөз кезінде прокурор Айжан Аймағанова Бишімбаевтың Салтанатты азаптағанын алға тартты. Оның айтуынша, сотқа дейінгі де , сот кезіндегі де тергеу барысында Нүкенованың азапталғаны дәлелденген. Яғни Салтанат ұрып-соғудан да, психикалық тұрғыдан да жәбір көріп келген.«Оның азап көргені жәбірленуші тараптың, куәлардың, сотталушы Байжановтың айтуы, фото және видеоматериалдар, жазысқан хаттар мен жазбалар арқылы расталды. Оның үстіне Бишімбае…

0
0
391