Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Автобуста болған қызық жағдай

undefined

(Суреттің бұл оқиғаға қатысы жоқ)

Қоғамдық көлікте жолаушылардан тексеруші төлем жасамаған бір қызды анықтады да:

- Қашан отырдыңыз?

- Басынан...

- Студентсіз бе?

Қыз:

- Жоқ, 25-темін.

- Неге сонша аялдамадан бері әлі төлем жүргізілмеген?!

- Смс-пен жіберу үшін бағаналы теріп келе жатырмын, жүйеде қателік болып қабылдамай тұр.

Тексеруші әйел:

- Тәк, бойжеткен қыз, бұлай болмайды! Қане, түсейік... Айыппұл толтырасыз.

- Жоқ, түспеймін. Менің не кінәм бар?! Жүйе дұрыс жұмыс істемей тұр. Істесе төлеймін қазір...

- Олай болмайды, түсіңіз деймін. Бір-біріміздің уақтымызды алмайық!..

- Түспеймін!

Дәл осы кезде түрегеп тұрған қызға таяу орында отырған отыздар шамасындағы жігіт төлем тексеруші әйелге телефонын көрсетіп:

- Міне, ол қыз үшін осы кез мен төлей салдым. Болды, қоя салыңыз... - деді.

Дереу анау қыздың жүзі бал-бұл жанып, жанары күлімдеп, гүл-гүл жайнап кеткен ғой демде...

Ал әйел:

- Жарайды, жолақы үшін кіре сала төлеу керек, негізі... - деді де автобустан түсуге оқтала берді.

Қыз бала күлімдеп:

- Ағай, көп рақмет! Сіз болмасаңыз... - дей беріп еді...

Жігіт:

- Дап-дардай, әп-әсем қыз екенсің, қарындасым! Көптің арасында дауға қалдырғым келмеді, жай ғана... Рақмет демей-ақ қой, 100 теңгені Каспиіме жібере салшы...

- деді.

Анау қыз сөзден қалып:

- Әрине, қазір, қазір... -- деп телефонын қолына ала берді.

(Жігіт бір-екі аялдамадан соң түсіп қалды.)


Ақ-Зия Жайлының жазбасы

0
0
246

Осы тақырып бойынша