Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Павлодар әкімі мектептегі сұмдық жағдайға алып келген жайттарды атады

Павлодар әкімі Хасар Қабылбеков қаладағы білім беру нысандарының қауіпсіздігіне арналған жиын өткізді. Ол №14 мектептегі оқиға жауапты қызметтердің кемшіліктерінен болуы мүмкін екенін мойындауға тура келетінін айтты.
undefined
Хасар Қабылбеков жиыннан мынадай қорытынды шығарған:

"Сыныптасы мен мұғалімін жарақаттаған бала психологтар мен мұғалімдердің көмегіне мұқтаж болғаны қазір белгілі болып отыр. Мектеп басшылығы мұны байқамаған. Жасөспірім сабаққа пышақты қалай алып кіргенін де ешкім байқамаған. Айта кетерлігі, білім беру мекемесі бұрын лаңкестік әрекетке осал нысан ретінде тексерілген, оның күзетіне қатысты маңызды ескертулер жасалған, бірақ ешкім кемшілікті жоймаған.
Өкінішке орай, мұндай жағдай қаладағы тек осы мектепте ғана қалыптасқан жоқ. Бейнебақылау камераларының жұмысына қатысты мәселелер бар. Бізге ұнамайтыны – мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зейнеткерлік жасқа дейінгі және зейнет жасындағы қарт күзетшілерді тарту үрдісі қалыптасқан. Мектеп директорлары мен білім саласындағы шенеуніктердің оқушылармен болған келеңсіздіктерді жасыру әрекеттері бар.
Бірақ балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың, сондай-ақ оларға қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың бірлескен, нақты үйлестірілген жұмысы жоқ. Оны ұйымдастыру менің тапсырмаларымның бірі болды.
Білім беру бөліміндегі қорғаншылық және қамқоршылық қызметінің штатын кеңейту шаралары қабылданады, прокурорлар қолайсыз отбасылар мен агрессия танытатын балаларды бақылауға алады, ал, қала мектептерімен полицияның жедел уәкілдері «жұмыс жасайтын болады».
Бұл бүгінгі жиынның нәтижесінде алға қойған міндеттердің бір бөлігі ғана. Олардың орындалуына сұраныс қатал болады, мен кепілдік беремін".

0
0
361

Осы тақырып бойынша

Павлодар әкімі мектептегі сұмдық жағдайға алып келген... - Yvision.kz