Ертең кешке дейін телерадио хабарлары таратылмайды
15 мамырда еліміздегі барлық радио мен телеарнада техникалық үзіліс болады.

Фото: Kazpravda.kz
«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
"Соған байланысты осы жылдың 15 мамырында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қ. уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген «Қазтелерадио» хабарламасында.
