Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қылмыс пен жаза

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектісінен 10 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
Тергеу сотының санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

0
0
318

Осы тақырып бойынша