Мазмұнға өту

Жаңа

Түркістан облысында үш күн бұрын жоғалып кеткен үш жасар қыздың денесі табылды (видео)

Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы Сіргелі ауылында үш жасар Асылымның денесі табылды. Ол қарама-қарсы тұрған көрші үйдің әжетханасына түсіп кетіпті.
undefined

"18.05.24 сағат 22:50 шамасында табылды. Енді оқиға қалай болғаны жөнінде полициядан хабар күтеміз. Дәлелсіз әртүрлі әңгімеге ермеңіздер. Медициналық сараптама жүргізеді. Нәтижесін күтейік", - деп жазды блогер Gani Museraliuly.

Асылым 16 мамырда жоғалған болатын.

"Таңғы асты ішіп біткен сәтте үлкендер әрлі-берлі жиналғанша ізім-ғайым жоғалды. Түркістан облысының Сарыағашқа жақын Сіргелі ауылы. Шағын ауыл жоқ іздеп өре түрегелді", - деп жазған еді журналист Гүлмира Әбіқай.

0
0
608

Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін кәмелетке толмаған 19 бала ұсталған. ІІМ осы жағдайға байланысты ата-аналарға үндеу жасады."Кез келген отбасы есірткі құрығына тап болуы мүмкін. Жыл басынан бері 19 жасөспірім есірткі қылмыстары үшін ұсталды. Жастар есірткі таратудың және жарнамалаудың құқықтық салдары туралы білсе де, олардың кейбірі есірткінің заңсыз айналымынан бас тартар емес. Нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруда отбасының айрықша рөлін ескере отырып, ІІМ ата-аналарға жазғы демалыс қарсаңында балалар өміріне барынша көңіл қою керектігін ескертеді. Өз балаларыңыздың араласатын ортасын білу, олар пайдаланатын интернет-ресурстарды бақылау аса маңызды. Заттарының ішінен медициналық препараттардың қорабын, фольга немесе шыны түтікшелер байқасаңыз, елеусіз қалдырмаңыз. Мұның бә…

0
0
385

Қырғызстандағы шетелдік студенттер жаппай Қазақстанға келгелі жатыр ма?

ҰҚК баспасөз қызметі осы сұраққа жауап беретін хабарлама таратты.
undefined

Фото: dw.com / Қазақ-қырғыз шекара бекеті
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Бішкек қаласындағы түнгі тәртіпсіздіктерден кейін пәкістандық студенттер тобының Қырғызстаннан Қазақстанға өтуге жиналып жатқаны туралы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.
Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде, Қазақстан мен Қырғызстанның шекарашылары Бішкек қаласындағы қалыптасып отырған жағдай туралы үздіксіз ақпарат алмасып отыр", - делінген хабарламада.

0
0
602

Словакия премьеріне тағы бір ота жасалды

Ота Словакия премьер-министрі Роберт Фицо о бастан жатқан Банска-Бистрица қаласындағы клиникада жасалған.

undefined

«Дәрігерлер оқ тиген жерде қалған шірік тіндерін алып тастады. Ота шамамен екі сағатқа созылды. Пациент бұрынғыдай қарқынды терапия палатасында жатыр. Ол есін жиды. Жағдайы тұрықты, бірақ ауыр», – деді аталған клиниканың директоры.

undefined

Словакия премьер-министріне бірінші ота қастандық болған күні жасалды.

Естеріңізге салсақ, Роберт Фицоға Гандлова қаласында бірнеше рет оқ атылған еді. Ол бұл кезде үкіметтің көшпелі отырысынан кейін жергілікті тұрғындармен кездесуге шыққан болатын.  

0
0
496

Авторларды ешкім менсінбейді...

Байқағаным, авторларды ешкім менсінбейді екен. Ақын, жазушы, композитор, мүсінші, суретші қауым! Сіздер бәрінен биіксіздер! Сіздерге деген баға да, құрмет те жоғары болуы керек! Вы же творцы!Белден басып, шығармаларымызды пайдалана береді.Менің де көп әндерімді кавер жасатып, немесе проекттерінде пайдаланып жүр. Рұқсат сұрағаны аз. Сұрамақ түгілі, You Tube-қа салғанда авторын мүлдем көрсетпейді де, жазбайды да. Бұл - біріншіден, авторды сыйламау, құрметтемеу және түскен қаламақыны авторға түсірмеудің бір айласы.Бірер жыл бұрын "Асыл ананы" бір өте белгілі фармкомпания социальный роликтерінде пайдаланыпты. Сәкен рұқсатын беріпті. Ал мен контрактқа отырып, компаниядан қаламақы өндіріп алдым."Ағалардан рұқсат алдық" дейді жаңа бір жігіт, менің бір әнімді киноның эпизодына пайдаланбақшы екен.…

0
0
384

Бішкекте өткен түнде не болды?

Қырғызстан астанасында кеше кешке 300-ге жуық жігіт көшеге жиналған. Олар жерлестерін шетелдіктердің ұрып тастағанына наразылық білдірді.Милиция кардон қойып, жаппай тәртіпсіздікті болдырмауға тырысты. Наразылыққа шыққандардың арасында ұсталғандар да бар. Артынан тіпті олардың таратылғаны хабарланды.Бұған осыдан бірнеше күн бұрын шетелдіктердің қатысуымен болған төбелес себеп еді. Әлеуметтік желіде бұл оқиғаның бейнежазбасы тарады. Онда адамдардың хостел ауласында төбелесіп жатқаны байқалады. Бұл кезде жергілікті жігіттер аз болып, олар шетелдіктерден әзер құтылады. Сонда да қатты таяқ жеп жүре алмай қалған біреуі хостел ауласында қалып қояды.Ал кеше жүздеген жігіт сол үшін есеп айырысуға келген.Бұл кезде кешірім сұрап тұрған үш шетелдіктің видеосы да тарап үлгерді. Қырғыздар осыдан кейін…

0
0
494

Атырау облысының Махамбет ауданында дәрі-дәрмектің екі айлық қоры жасақталды

undefined

Қазіргі уақытта алғашқы медициналық көмек беру кезінде бірінші кезекте қолданылатын дәрілер аудан бойынша су тасқынына қатысты дайындалған эвакуациялық пункттерге жеткізілген. Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлады.

"Қауіпті аймақтарда орналасқан Сарайшық, Талдыкөл ауылдарындағы амбулаториялардан вакциналар аудан орталығына алынды. Ондағы мақсат - вакциналарды сақталу тәртібінің және жарамдылық жағдайының бүлінуіне жол бермеу", - деді Махамбет ауданы орталық ауруханасы директорының міндетін атқарушы Сержан Сандыбаев.

0
0
728

Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды

Маңғыстау облысының әкімі болып Нұрдәулет Қилыбай тағайындалды. Ол бұған дейін «Өзенмұнайгаз» компаниясының басшысы болған.«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда хабарламасында.Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай 1978 жылы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында дүниеге келген.Білімі жоғары. «Тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер», «Қаржы және қаржы құқығы» маманы. 2018 жылы АҚШ-тың Бостон қаласында Stafford House халықаралық мектебінде білім алған.Еңбек жолын 1999 жылы Маңғыстау тасымалдау бөлімшесі станциясының кезекшісі қызметінен бастаған. Кейін Астана станциясында кірме жолдары бойынша жүктерді қабылдап-тапсырушы, «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамынының бас маманы, бөлім бастығы, магистральды желілер дирек…

0
0
549

Маңғыстау облысының прокуроры болып Айдос Майлыбаев тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Айдос Серікқанұлы Майлыбаев Маңғыстау облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.А.С. Майлыбаев еңбек жолын 2001 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.Әр жылдары Алматы облысы Жамбыл және Панфилов аудандарының прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 4 жылдан астам Ақмола облысының прокуроры болды.А.С. Майлыбаев заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және 2-дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.Прокуратураның құрметті қызметкері.t.me/G…

0
0
743

Таразда тәртіп сақшыларының сәбиді құтқарған сәті бейнежетонға түсіп қалды

Құтқару сәті суға тұншығып, дем ала алмай жатқан кішкентай балаға көмекке асыққан полиция қызметкерлерінің бірінің бейнежетонына түскен. Боран-3 автоэкипажы рация бойынша кезекшіден шұғыл шақырту түскен кезде өзіне бекітілген аумақты патрульдеп жүрген. Тараздағы Айша бибі көшесінің бойында мектеп жанындағы ағып жатқан каналға 2 жасар бала құлап кеткен. Полиция бірнеше минут ішінде шақырту орнына келді. Ол кезде өтіп бара жатқан бір адам баланы ес-түссіз күйде судан шығарып алған. Жедел медициналық көмек бригадасы келгенше, полиция қызметкері 10 минут бойы жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді, нәтижесінде бала дем ала бастайды. "Баланың өмір белгілері болмаса да, мен соңына дейін күресіп, бізге үйретілген барлық дағдыларды қолдана отырып, жүрекке тоқтаусыз массаж жасадым. Көрер жарығы бар еке…

0
0
565