Мазмұнға өту

Жаңа

Енді қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.Фото: egov.kzЗаңда:қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі, тергеу изоляторларындағы және уақытша ұстау изоляторларындағы бейнебақылау жүйелерін бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген;Үкімет айқындаған өңірлерге қоныс аударатын адамдар үшін шаруа немесе фермер қожалығына жер учаскелерін беру көзделген;қоныс аударушыларға және олардың отбасы мүшелеріне мемлекеттік қолдау ретінде көшуге субсидия, тұрғын үй жалдау, коммуналдық қызмет төлемдерінің шығындарына өтемақы, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттары секілді…

0
0
433

ҰБТ-дан өте алмадым деп, өзін өлімге қиған

"Кейбір дерек көздерінің хабарлауынша, Талдықорғанда жас қыз ҰБТ-ның нашар нәтижесінен кейін өз-өзіне қол салған. Жергілікті полицияның түсініктеме беруін сұраймыз.

Алдағы уақыттарда мектеп бітірушілер ҰБТ үшін күйзеліске ұшырайды", - деп жазады t.me/egovpress.

Ал осы жазбаның астындағы пікірлерге салынған дауыстық хабарда қызыдың ата-анасына "Кешіріңдер, мен ҰБТ-ны тапсыра алмадым" деген хат жазып қалдырғаны және оның ата-анасы әлі табылмағаны айтылған.

0
0
580

Тағы бір шенеуніктің әйелі күйеуінің ұрып-соққанын айтып шағымданды  

Әлеуметтік желіде Атырау облысындағы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтың бұрынғы әйелінің шағым айтып отырған видеосы тарады. Онда әйел өзін бұрынғы күйеуінің ұрып соққанын айтады.Фотоколлаж: kaztag.kz «Мен, Атырау қаласының тұрғыны Үмбетқалиева Ақмарал, Атырау облысы Мақат ауданының әкімі болып отырған бұрынғы күйеуім, спортшы, Олимпиада ойындарының қатысушысы Ринат Хисаұлы Ибрагимовтың үстінен шағым айтқым келеді. Қазір оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 2-бөлігімен (материалдық жағынан тәуелді адамға қатысты денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) қылмыстық іс тергеліп жатыр», – дейді видеодағы әйел.Үмбетқалиеваның айтуынша, оны Ибрагимов 11 жыл бойы балаларының көзінше ұрып-соғып, азаптап келген.«2021 жылы түнгі сағат төртте ішіп алған Ринат мені…

0
0
441

«Медеу» табиғи паркінің құны 3 млрд теңге болатын жер телімдері қайтарылды

Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін анықтады.Фото: kaz.orda.kzЕрекше қорғалатын табиғи аумақтарды алып жатқан жерлер, жеке меншiкте бола алмайды.Алайда 2020 жылы табиғи парк аумағында жеке тұлғалар ауданы 35 га 10 жер теліміне меншік құқығын тіркеген.Бұған, Горнооктябрь ауыл әкiмшiлiгiнiң 1994-1997 жылдардағы жер учаскелерiн бөлу туралы шешiмдерiнiң бар екендігі жөнінде мұрағаттық анықтамалар негiз болды.Мұрағаттық анықтама құқық белгілейтін құжат болып табылмайтынына қарамастан, тіркеуші орган меншік құқығын заңсыз тіркеген.Алматы қаласының прокуратурасы аталған анықтамаларды және жер телімдерін иеліктен шығару жөніндегі кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінді.Сот шешімімен прокурордың талап-арыздары қанағаттандырылып, «…

0
0
504

200-ден астам отбасы су тасқынынан қираған баспанасының орнына үй мен пәтер алды

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылғы көктемде орын алған ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастыруда.Фото: pixabay.comБүгінгі таңда 24 641 отбасы 9,3 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,3 млрд теңгеден асты.17 мамырдағы жағдай бойынша бүгінде 202 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтерге ие болды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.Сонымен қатар 596 отбасына 878 млн теңгеден астам сомаға тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы төленді. Зардап шеккен өңірлерде барлығы 10 740 тұрғын үй тексеріліп, 8…

0
0
440

Қаржы пирамидасы арқылы 600-ден аса адамды сан соқтырған азамат Грузиядан елге әкелінді

Еліміздің Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қаржы пирамидасын құрғаны жәнебасқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында күдіктіні Грузиядан экстрадициялады.Оның құрған қылмыстық тобы 2020 жылы Маңғыстау облысында «Plus Capital» қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 600-ден астам салымшының жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам ақшалай қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін заңсыз иемденген.Қылмыстық топ мүшелерінің бір бөлігі түрлі жаза түрлеріне сотталды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, соған байланысты халықаралық іздестіруге жарияланды.2023 жылғы қарашада ол Грузия аумағында ұсталды.Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәр…

0
0
468

ӘЧ-2024: Чемпионатты жеңіспен бастаған біздің хоккейшілер енді жеңілістен көз ашар емес

Қазақстан құрамасы бұл жолы Швеция командасынан ұтылып қалды.

undefined

Есепті «Миннесота» шабуылшысы Маркус Юханссон ашты. Швеция тарапынан екінші шайбаны Линус Юханссон еш қиындықсыз сала салды. Ал «Сан-Хосе» шабуылшысы Фабиан Зеттерлунд өз командасына үшінші голды сыйлады.

Қазақстан болса, қорғаушы Әділ Бекетаев салған бір шайбамен шектелді.

Сөйтіп, есеп Швецияның пайдасына 3:1 болды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Францияны 3:1 есебімен жеңгенде, бөркімізді аспанға атып қуанып едік. Бірақ ол қуанышымыз ұзаққа бармады. Одан кейін Латвия (0:2) мен Словакиядан (2:6) ұтылып қалдық.
Қазақстанның алда үш матчы бар:
17 мамыр, 19:20
Германия - Қазақстан


19 мамыр, 19:20
АҚШ - Қазақстан


20 мамыр, 23:20
Қазақстан - Польша

0
0
510

Әпкесі өлі табылды

Семейде бір үйдің 16 және 18 жастағы ұлы мен қызы бір айдан аса уақыт бұрын жоғалып кеткен болатын. Фото: 31-арна кадрыІздеу іс-шаралары Ұлттық ұланның, полицияның, құтқарушылардың, еріктілердің, сондай-ақ белсенді азаматтардың күштері мен құралдарын тарта отырып жүргізілген. Сөйтіп, жоғалған жасөспірімдердің үлкені енді ғана өлі күйінде табылып отыр. "15 мамырда 18 жасар қыздың денесі "Құрылысшы" профилакториясының маңында судан табылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Абай облысының Полиция департаментіндегілер. Ал ұлды іздеу жалғасып жатыр. Полиция басшылығы қайғылы қазаға байланысты көңіл айтты. "Туыстарына және жақындарына қайғырып көңіл айтамын", — деді Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан.Айта кетейік, Алт…

0
0
363

Ақорда Малайзия Премьер-министрін қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
undefined
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы Қазақстан Президенті мен Малайзия Премьер-министріне рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.
undefined
Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим келіссөз залына барды.

undefined

0
0
306

Нұрлан Ноғаев қызметінен кетті

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қызметінен кетті."Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды", - деп жазды t.me/aqorda_resmi.Нұрлан Ноғаев 1967 жылы 30 шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келген. Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.1996-2006 жылдары – "Қазақтүрікмұнай" ЖШС маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор. 2006 жылдың ақпан айынан бастап "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның атқарушы директоры. 2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімін…

0
0
321